Қуаныштың блогы

Icon

IT жәнеде пайдасы бар мақалалар блогы

Оралуыңмен wordpress!

Сурет:  maxihayat.net/2009/08/page/8

Сурет: maxihayat.net/2009/08/page/8

Ұқсас жазбалар:  

Қош келдің, уордпресс! 

Құшағыңды аш, вордпресс! 

Filed under: Ақпарат, Блог, Интернет, Казакша блогтар, ақпарат, бейбiтшiлiк, кызык, Ғибратлі, Қызықты ..., , , , ,

Motor-Roller Песня о войне (2010)

КТК телеарнасындағы рейтингі жоғары портрет недели бағадарламасының соның осы бейне клип көрсетілді. Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына жақсы сыйлық.

МАҒЗУ атам Берлин түбіндегі шайқасқа дейін жеткен еді, атамның қаһарман – ерлігі мәңгі есімде қалады.

Сіздердің де Ата-Әжелеріңіздің  каһарман ерліктері бар екеніне сенемін. Сыйлайық, Қадірлейік және Құрмет көрсетейік ! ! !

Filed under: Блог, жазба, Ғибратлі, , , , , , , , ,

Мұстафа Шоқай

Alaw
Түскі асымды ішіп жұмысқа шығып бар жатырсам, бастығымыз бүгін жұмыс тоқтатамыз деп демалу керектігін айтты. «Доллар құны өсті, теңге құны кұлдырады. Сондықтан 1- күн товарды сатпай тоқтату керек, әйтпесе біз ертен ұтылып қаламыз » – деп себебін түсіндірді. Тірі жандар «Арзан» – ға және «Магнум» – ға жүгіріп, азық-түлік қымбаттамас бұрын толтырып алайық деген мақсатпен.
Шаруаларды бітіріп алған соң, апта басында «Мұстафа Шоқай» туралы алып қойған двд-диск есіме түсті. Доллардың жасанды көтерелуінің арқасында кино көруге уақыт табылды. Қазақ тіліндегі нұсқасында тамашаладым.
Азиядағы түркі халықтарын бір тудің астына біріктіруді армандаған Мұстафа Шоқайдың өмірі меен тағдыры туралы. Мұстафа Шоқайдың маршруты бойынша фильм өрбиді, Түркістан қаласы, Батумия(Кавказ), Стамбул, Франция елінде тоқталуымен аяқталады.
Толық көріп болған соң, «Список Шиндлера» – киносына ұқсаттым кейбір эпизодтарын. Сатыбалды Нарымбетовтың бұл туындысы Мұстафа Шоқай образын өте жақсы ашып берген. Басты рөлдерде Мұстафа – Азиз Бейшиналиев Мария (жары) – Карина Абдуллина.
Тарихи оқиға түсірілген осы фильм күткен ойымнан шықты.

Төменде Мұстафа Шоқай туралы мәссағаннан алынған ақпарат.
Шоқай Мұстафа – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, түрік халқының даңқты күрескері. Ол 1890 жылы Сырдария губерниясы Ақмешіт уезіне қарасты (қазір Шиелі ауданы) Наршоқы деген жерде туған. Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін 1902 жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. 1910 жылы Санкт-Петербор Императорлық университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Студенттік жылдары империя астанасындағы демократиялық қозғалыстарға қатысады. Ақпан төңкерісіне дейін Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханмен бірге Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. 1916 жылғы дүрбелең кезінде Түркістан және жалпы Қазақ жеріндегі бассыздықтарды әшкерелеп, Мемлекеттік Думаға арнайы құжатты мәліметтер ұсынады. Сөйтіп осыған байланысты комиссия құруға себепші болады. 1917 жылы төңкерістер тұсында мықты Түркістан мемлекетін құру идеясын ұстанады. Ташкентте «Бірлік туы» газетін ашады. Орынбордағы Алаш қайраткерлерімен тығыз байланыс ұстайды. Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Алғашқы съезде «Шораи ислам» жұмысына қатысатын 8 қазақ өкілінің бірі болып сайланады. Екінші съезде Алашорда үкіметі – Ұлт кеңесіне Сырдария атынан кіреді. 1917 жылы Жаңа Марғұланда өткен өлкелік мұсылмандар кеңесінде қайраткер Бүкілтүркістандық мұсылмандардың құрылтайын Қоқан қаласына шақыру туралы бастама көтереді. Қарашада Қоқанда Түркістан автономиясын жариялау шарасына бастан-аяқ қатысады. Осы жиында ол Түркістан автономиясы уақытша үкіметі сыртқы істер министрі болып тағайындалады. 1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбайұлы өз еркімен жұмыстан босағанда, ол осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты. 1918 жылы қыркүйекте қайраткер Самарада бас қосқан Ресейдің азаттық жолындағы күрескерлерінің Құрушы мәжілісіне (Комуч) қатысады. 1919 жылы ақпанда Түркістан мемлекеті идеясын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі ағылшын корпусы басшылығымен келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол жылы Баку мен Тифлисьте сәл аялдап, Стамбулға аттанады. Түркия арқылы алғаш Германияға, сонан соң Францияға барып орнығады. Эмиграцияда «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады. Қайраткер 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болады.

Filed under: Алматы, Ғибратлі, Қызықты ...

ҚазҰТУ-дағы 5 жыл !!!

5 жыл оқыған біліміңді бір сәтте айтып құтылып кету оңай емес екен!

Достар сонымен оқуымды бітірдім деп айтуға болмайды, өйткені ерінбеген адам үшін өмірдің бәрі оқумен өтетін секілді.

Дипломдық жұмысты өте жақсы деген бағаға қорғап шықтым. Тақырыбы “Интернетте ашық білім ортасын құру” болды. Диплом қорғау сағат 9-00 –да басталған болатын, ал Ғани екеуіміз дайындалып асыкпай 11 – ден өте бардық. Барсақ бәрі жылдам 15-20 минут ішінде қорғап шығып жатыр екен. Мұғалімдер мені көре салысымен тізімнен алдын мені кіргізіп қорғау жылдам жіберді. Неге өйткендерін өзім түсінбей қалдым. Қабылдаушы 6 кісі болып отырған ағай-апайлар отыр екен, арасында орыстар бар. Бастамай жатып орыс ағай жасаған диаграммаға тиісіп бір қырылысып алдық, алдын мен өз мұғаліммен кафедра меңгерушісінен сайт структурасының диаграммасы дұрыс жасалынған деген рұқсатын алған болатынбыз. Соның арасында 1 сағат өтіп кетіпті. Қорғап болған соң, иықтан бір ауыр жүк тусті.

Сәлден кейін сол күні қорғаған студенттердің (маман) бағасы айтылып, баршамыз жиналып ”Сәуле” кафесіне барып қорғағанымызды жуып алдық.

Сол күні тускен суреттер:

Filed under: Ақпарат, Ғибратлі, , , ,

Алматыдағы Сакура

Қала ортасында орналасқан ағаш. Өзімнің балконнан шығып қарағандағы көрініс! Қараңдаршы қандай керемет!?!

Read the rest of this entry »

Filed under: Алматы, Ақпарат, Ғибратлі, Қызықты ..., , ,

Happy Nauryz!

Nauryz

    • Nauryz is an ancient Turkic holiday of the New Year.
    • Nauryz is a Persian word. It means “a new day”.
    • Nauryz is celebrated by all Turkic people – Kazakh, Uzbek, Tadjik and others.
    • This holiday comes on March 22, when a day is as long as a night.
    • Nauriz returned to the Kazakh people together with the sovereignty of their country.
    • When Nauryz comes the Kazakh people make nauryz-kozhe. 😉
    • Nauriz-kozhe is a drink having seven ingredients – millet, wheat, rice, rye, milk, meat and fat.
    • Nauryz-kozhe is a symbol of the holiday, a symbol of spring.
    • Nauryz has become the holiday of all multinational people of Kazakhstan.

      Filed under: 22 march, Ақпарат, happy, Kazakh, Nauryz, Ғибратлі, Қызықты ...

      ДИПЛОМ ҚОЛЫМА ЕНДІ ЖЕТТІ!!!

      diplom.jpg

      Өткен жолы Асхат аға блогында осы конкурстың нәтижесі жайлы жазылған болатын. Мен қайталап жазбау үшін, соның жемісі алған дипломыма қоса Қалталы Дербес Компьютер сыйлығын берді. Қолдау көрсеткендерге АЛҒЫСЫМДЫ айтамын! 

       

      Filed under: Ақпарат, Блог, Интернет, Тегін, Google, Ғибратлі, Қызықты ...

      Блог санағы

      • 246  065 хит

      Блогқа жазылу үшін және жаңа жазбаларды электронды почтаңызға келуі үшін, өзіңіздің электронды почтаңыздың мекен-жайын енгізіңіз.

      Join 24 other subscribers

      Суреттерім

      Көп басылан сілтемелер

      • Жоқ