Қуаныштың блогы

Icon

IT жәнеде пайдасы бар мақалалар блогы

Алан КУПЕРдің “ПСИХБОЛЬНИЦА в руках пациентов”

10 күн ішінде Алан КУПЕРдің “ПСИХБОЛЬНИЦА в руках пациентов” кітабын оқып бітіру қажет.

Кітабта Алан Купер ИНТЕРФЕЙС (Бет-Әлпет) жайлы, яғни жаңа технология адамның есін шығарып,

жан жарасымды неге бұзатындығы және оны қалпына келтіруі туралы жазады.

Filed under: Білім & Оқу, кітап, Қызықты ..., web 2.0, , , , , , ,

Жұмадағы басқосу …

Мақпал (суретте ортасында отыр) жазып өткендей жұма күні  Атакентке бізді жинаған Балғырған-ға (Суретте сол жағында) рахмет.  Айнамекенде келіп бойдан кіріп жаныңды алатын асыл сөздері мен тілек айтып 15-минуттан көп отырып кетті.

Люли-кебаб, пицца жедік, сок іштік, “Лесная братва ” мультфилімін көріпте үлгердік.

С.қ.: Келесі аптада, наурыздың 6-шы күнінде қазақ блогшыларын шақырамыз, кездесейік оффлайн танысайық 🙂

қайда болатыны әзірге жұмбақ…

Filed under: Интернет, Казакша блогтар, Казакша сайттар, ақпарат, web 2.0, , , , , , , , , , ,

INTERNET EXPLORER 8 BETA 1!

Мұнда платформасында өнімділігін арттырған, яғни  CSS 2.1 стандартының қолдауы жақсартылған.  JScript парсері тез жұмыс атқаратын болған. ТӨмендегі жерден жүктеп алсаңыз болады:

http://www.microsoft.com/windows/products/winfamily/ie/ie8/getitnow.mspx

Сынап – байқап көріңіздер қателеспесем жүктеп алуға 1 сағат уақыт берілген

Filed under: Browser, Ақпарат, Интернет, Тегін, IE, microsoft, web 2.0

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША АНЫҚТАМА

Интернет ішінде Алматы қаласы бойынша пайдасы тиген анықтамалық қызмет көрсететін сайт тізімдері. Өкінішке барлығы орыс тілінде.

www.infokz.com

www.1kz.com

www.alfa.kz

Filed under: Алматы, Ақпарат, Интернет, Тегін, web 2.0

Қысқаша сөзбен…

BarCamp Baltics 2008 әне-міне деп өтті. Киевтегі BlogCamp-ке қарағанда сәл ұйымдастырылған түрде болды. Өзім барып көп қаланы қыдырып кеттім. Менің ноутбугім BarCamp Baltics болған жерде Wi-Fi ұстап интернет жұмыс істемей қалды. Сигнал болды. Бірақ интернет істемей әуреленіп қалдым, ал хостелде жақсы ұстады. Бақытгүлдің ноутбугі керісінше хостелде сигнал ұстап интернет жасамады. Осындай сылтаумен блогқа жаза алмадым. BarCamp өту барысын Бақытгүл мен Асхат онлайн жазып отырды, мен өзіме ұнаған суреттерді көрсетейін. Read the rest of this entry »

Filed under: barcamp, Ақпарат, Блог, Білім & Оқу, Интернет, Google, riga, web 2.0

РИГА ҚАЛАСЫ

Міне хостелдегі Wi-Fi интернетін қолданып отырмыз. Өзіміз С.Питерден ұшақты көп күткізіп шаршатып жіберді. Ригаға келгенде Артур Мендис күтіп алып қаланың ескі және жаңа бөліктерін көрсетті. Тазалықты ұстанған қала екені көзге бірден түсті. Кейін ақша айырбастағанда салыстырып қарасам Латвиялық лат теңгеге шаққанда 240 теңгеге тең, еуро мен доллардан құны жоғары. Кейін мен Асхат аға мен хостелге барып бөлмені алдық, қасымызға Әзербайжаннан Рашад және Элгар атты қонақтар келіп бөлмемізге қосылды. Қалаға ұшақтан қарасан орманның ортасында орналасықан секілді. Сонымен біраздан соң Мәскеуден Нұргелді ұшып келуі керек!!!

Еретен бізде тіркелу мен қатар экскурсиялар болады.  

Filed under: barcamp, Блог, Білім & Оқу, Google, riga, web 2.0

АЛМАТЫ – САНКТ-ПИТЕРБУРГ – РИГА

Алматыға жаңа келіп жеттім. Виза шүкір алла қолымызға тиді. Дүйсенбі күні университетімнің димломдық жобаға арналып өтіп жатқан тәжірибесінен сұранып, кешке Астанаға баратын испандық жылдам жүретін поездыға отырып барған болатынмын. 10 сағат ішінде жеткізіп салды. Кейін поездың жылдам жүргенінен басым, ішім ауырып кешке дейін өзіме әзер келдім. Испандық поездының рельсі біздің ескі жолдарға ені келмегендіктен бе, поезд қатты шайқалып жүреді екен, сонымен іші тар. Қайтар жолда қарапайым өзіміздің поездға отырып рахаттанып жеттім.

Осының бәрі Рига қаласында болатын BarCamp 2008 – ге жету үшін атқарыл іс. Міне сөйтіп бугін түнде АЛМАТЫ – САНКТ-ПИТЕРБУРГ – РИГА маршруты арқылы ұшіп барамыз. Қазақстаннан Бақытгул, Асхат, Нұргелді, Елена және мен баратын болдық. Бұйыртса Ригадан шамамызға қарай тікелей хабарларды жеткізуге тірісамыз. Ойымша ең қызығы мен маңыздысы презантациялары және ертесінде болатын инкубатор (жобаны-талқылау) болатын секілді. Төмендегі бейджик Нұргелдінің қолынан шыққан өнер. Рига-да кездескенше баріне салем! Read the rest of this entry »

Filed under: Ақпарат, Блог, Білім & Оқу, Интернет, Подкаст, Тегін, Google, Қызықты ..., web 2.0

Блог санағы

  • 205,066 хит

Блогқа жазылу үшін және жаңа жазбаларды электронды почтаңызға келуі үшін, өзіңіздің электронды почтаңыздың мекен-жайын енгізіңіз.

Join 22 other followers

twitter

Суреттерім

Әбілхан Қастеев туындылары

Әбілхан Қастеев туындылары

Әбілхан Қастеев туындылары

More Photos

Көп басылан сілтемелер