Қуаныштың блогы

Icon

IT жәнеде пайдасы бар мақалалар блогы

Сәлем! Баку!

Баку Баркемпіне келіп жеттік, Рашад пен Илгар күтіп алды.

Ары тек суреттер…

Filed under: barcamp, ,

birge.kz

Бұл социалдық желі эстондық платформа негізінде жүзеге асырылған болатын. Өзіме осы жобаны басқару ұсынған соң мені кейзет зонасының қолданушыларының талпынысы мен сұранысын танып білу қызықтырды. Біраз тәжірибе жинауға болады екен.

Сайт орыс тілінде, бірақ сайтқа қазақ жастары mail.ru-дан, vkontakti-ден келіп жатыр. Сайтта социалдық желінің мүмкіндіктері жиналған. Ол суретіңді салу, пікірлесу, сұхбаттасу, тест жасау және танысуға дейін.

Сайт коммерциалық, яғни мақсат-бағыттын ұстап отыр. Ал қолданушыларға көптеген жарыстар өткізілуде. Жеңімпаздарға сыйлықтары тарытылып.

Арасында birge.kz –те қазақша жазып жүрген блогшылар бар екен.  Cайтта блог емес күнделік деп аталған. Олар менің блогымды өздері тауып, вордпресс-пен танысып жатыр 🙂

Әзірге қолданушылар саны 7000 – ға жуық. Қолданушылардың 90 %  жуығы Қазақстан аумағынан кіреді. Қандай-да ой-пікірлеріңіз болса, күтудемін..

Filed under: Ақпарат, , ,

Романтика кеші

james-blunt-live-wall1

Республика сарайында болған James Blunt –тың концерті өте жақсы өтті.

Әндерінің бәрін фанерасыз орындап, залды толғандырып отырды.

Баршаға әйгілі еткен әні «You’re Beautiful», сонымен қоса өзім күткен әндерім

«1973» және «Goodbye My Lover» болатын.

Пианинода және гитарада керемет ойнайды.

Сүйікті әніңнің орындаушы аузынан тікелей есту,

сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес сезім.

8 Наурыз Халықаралық Әйелдер Күні Құттықтаймын !

және осы концерт менің сыйлығым болатын, сүйіктіме !

Filed under: Алматы, Ақпарат, Өнер, , , , ,

Сәлем Көктем!

Көктем келді ! !

Күннің шуағымен көктем келді ! Барлықтарыңызды кұттықтаймын!

Барша тірі жан бұл мерзімде қайта туылып, қайта өмірге келгендей сезімге толысады.

Көктем мерзімінде көп жаңалықтар күтілуде және

мейрамға мол кезең,  8 – наурыз әйелдер күні, көптен күткен

Жаңа жылымыз Наурыз мерекесі,

Мамыр айындағы жақсы  мерекелер де күтеміз.

Досым Алмат үйленіп жатыр,  мені күйеу жолдас қылып таңдапты, үшінші жолы болып отырмын.

spring211

Filed under: Наурыз, куттыктау, мейрам, , , , ,

Блог санағы

  • 210,581 хит

Блогқа жазылу үшін және жаңа жазбаларды электронды почтаңызға келуі үшін, өзіңіздің электронды почтаңыздың мекен-жайын енгізіңіз.

Join 23 other followers

twitter

Суреттерім

Көп басылан сілтемелер

  • Жоқ