Қуаныштың блогы

Icon

IT жәнеде пайдасы бар мақалалар блогы

2008-жылға қорытынды

ЖЖ-дың кіруіне бірер сағат қалған кезде Интернетке қолым енді жетті. Астымыздағы көршіміздің төбесіне су ағып ремонт жасап берген болатынмын, өз бөлмемді жж-ға жаңа обои-мен деп ауыстырып үлгердім (алақай). Сонымен қысқаша еске түскен және ойда барын осы жылға қорытындылай өтейін.

Тышқан жылы біреуге жеңіл, бірімізге ауыр өтті. Енді келер сиыр жылында тек баршамызға жақсылық әкелсін ағайын.
Оқу:
Қызыл дипломды ҚазҰТУ-да қорғап осы жылы оқуымды аяқтадым.
Жұмыс:
Оқу бітірген соң жолдастарым мен жеке кәсіпкерлік ашып көрдік, кризиске байланысты тоқтатуға тура келді.
Жоба:
QB {QazaqBlogshilar.com} – wordpress платформасындағы Бахытгулдің бастауымен түгел қазақшалаған болатынбыз. Жаңа жылдан соң QB-дің хостинг мәселесін шешерміз.
Қызықты жерлер:
Рига каласында {BarCamp Riga 2008}
Киевте моблогингке қатыс кезде,
Орал қаласына болуым {досым Бекзатка қыз алып қайттық}.
Қуанышты сәттер:
iPhone – ды алғаным. Блогшылармен award-2008 – де кездескенім.
Үздік блогтар :
nurgisa.dosym.kz
urimtal.wordpress.com
akzere.wordpress.com
Үздік сайттар:
Massagan.com, twitter.com, habrahabr.ru

Жаңа 2009 Жыл құтты болсын!

Мықты денсаулық, көлдей шалқыған көңіл, байлық, енбекті жеміс, бакыт пен мөлдір махаббат тілеймін!

Filed under: Интернет, Казакша блогтар, Казакша сайттар, куттыктау, , , , ,

Мейрам!

Міне нағыз мұсылман қауымының асыға жеткен мерекесіде келді. Таңертеннен бастап мал-базарға барар жолдардың барлық дейі кептеліс (пробка) болды. Яғни Айт намазынан кейін құрбандық шалуға деген халайықтың талпынысы бір жожышытты. Бүгін нәпіл құрбандықтар шалынса, кейін үәжіп құрбандық шалынады.
Тау бөктеріндегі «Алатау» ауылында айтқа жиналғанбыз, біраз жамағат болды. Үлкен дастарқан жайылып сол арада бір-бірімізбен танысып, ыңғайласқаннан кейін сұхбаттасып, әркім Құрбан Айт жайлы ой-пікірлерін ортаға салып отырды. Сол пікірлердің бірі: ”Біздің кішкене іні-қарындастарымыз (үлкендері де), жаңа жылды күн санап, сағат санап үлкен аялдаумен сол күнді тосумен болады. Олар бұл күні сыйлық аламыз деп { санасына уақытында өзіміз айтқан уәлерімізді } күтү аурудан әдетке айналып кеткен жәйті бар, неге біз сол жеткеншектерімізге әзірден бастап Құрбан Айт күні кішкене болсын сыйлық беріп бастамаймыз” деп ағамыз айтқан.
Кейін сол арада ас-жеп, шай-ішіп тұрғаннан соң кішкене сыйлықтар {мұсылман күнтізбесі, құттықтау қағазы,..} таратылып, кішкене кезден есте қалған жаңа жылды қарсы алған күнге қарағанда жақсы болған сияқты. Өте керемет сезімге баршасы іштей толып, рухани байлыққа тойған мейрам болып, қайттық.
Құрбан Айтыңыз Қабыл болсын!

Filed under: мейрам, qazaq, , ,

“Алғашкаст”

Өткен жылы алғашқы үнхабарды жазған болатынмын, соны еске салған Нұргелді, бүгін «Тараз қаласында Бақытжан есімді 16 жасар баланың қазақ тілінде үнхабар жазып бастағанын» гмайл чатынан жазған.

Бір қызығы үнхабарының аты « “Алғашкаст”-Первый в мире подкаст на Казахском языке! » деп аталады. Өзі экономистке оқып жур екен, АТ-сында өзінің қызығушылығымен жүрген бала үшін үлкен жетістік. Енді блогты бастап жатыр, бірақ жазбалары орыс тілінде, қазақша жазып бастайды деген сенімдемін.

Filed under: Блог, Подкаст, алгашкы, Қызықты ..., , ,

KAZ.KZ (интернет без границ)

KAZ.KZ (интернет без границ) – атты жаңа іздеу жүйесі алғаш көріп отырмын. Интерфейс түгел орыс тлінде екен. Провайдері Қазақтелеком коорпарациясы, яғни сервер Алматыда (IP). SPACE.KZ компаниясының жобасы деп жазып койған. Өте қарапайым іздеу жүйесі, оң жағында көп ізделген сөздерді ұсынады. Қазақстандық (мүмкін) компанияның іздеу жүйесінің даму сатысын байқап отырармыз.

Filed under: Ақпарат, Интернет, qazaq, , , , ,

Блог санағы

  • 206,080 хит

Блогқа жазылу үшін және жаңа жазбаларды электронды почтаңызға келуі үшін, өзіңіздің электронды почтаңыздың мекен-жайын енгізіңіз.

Join 22 other followers

twitter

  • Мне понравилось видео "Почему В Майнкрафте Нет Инструментов И Брони Из 3 days ago
  • Мне понравилось видео "ОХОТА НА СЛЕНДЕРА В ГТА 5! ПОПАЛ В ЛОВУШКУ СЛЕНДЕРА! - 3 days ago
  • Мне понравилось видео "ФНАФ ТЕСТ НА ПСИХИКУ ЧЕЛЛЕНДЖ" ( youtu.be/lz5GVDJ8slI?a) на 3 days ago
  • Мне понравилось видео "ЛЕТАЮЩИЙ НУБ ПРОТИВ ПРОФИ! ТАКОГО ТЫ ЕЩЁ НЕ ВИДЕЛ! 3 days ago
  • Мне понравилось видео "Детское видео: играем в Майнкрафт. ИгроБой Адриан. 3 days ago

Суреттерім

Әбілхан Қастеев туындылары

Әбілхан Қастеев туындылары

Әбілхан Қастеев туындылары

More Photos

Көп басылан сілтемелер

  • Жоқ