Қуаныштың блогы

Icon

IT жәнеде пайдасы бар мақалалар блогы

Алматы көшелерінен

Графитти өнерінің туындылары, кездейсоқ түсірген  суреттерім.

Қалтафонынан түсірілген.

Айманов – Мынбаев

Курмангазы ?  Абай ? Read the rest of this entry »

Advertisements

Filed under: Алматы, Қызықты ..., , , , , , ,

Мұстафа Шоқай

Alaw
Түскі асымды ішіп жұмысқа шығып бар жатырсам, бастығымыз бүгін жұмыс тоқтатамыз деп демалу керектігін айтты. «Доллар құны өсті, теңге құны кұлдырады. Сондықтан 1- күн товарды сатпай тоқтату керек, әйтпесе біз ертен ұтылып қаламыз » – деп себебін түсіндірді. Тірі жандар «Арзан» – ға және «Магнум» – ға жүгіріп, азық-түлік қымбаттамас бұрын толтырып алайық деген мақсатпен.
Шаруаларды бітіріп алған соң, апта басында «Мұстафа Шоқай» туралы алып қойған двд-диск есіме түсті. Доллардың жасанды көтерелуінің арқасында кино көруге уақыт табылды. Қазақ тіліндегі нұсқасында тамашаладым.
Азиядағы түркі халықтарын бір тудің астына біріктіруді армандаған Мұстафа Шоқайдың өмірі меен тағдыры туралы. Мұстафа Шоқайдың маршруты бойынша фильм өрбиді, Түркістан қаласы, Батумия(Кавказ), Стамбул, Франция елінде тоқталуымен аяқталады.
Толық көріп болған соң, «Список Шиндлера» – киносына ұқсаттым кейбір эпизодтарын. Сатыбалды Нарымбетовтың бұл туындысы Мұстафа Шоқай образын өте жақсы ашып берген. Басты рөлдерде Мұстафа – Азиз Бейшиналиев Мария (жары) – Карина Абдуллина.
Тарихи оқиға түсірілген осы фильм күткен ойымнан шықты.

Төменде Мұстафа Шоқай туралы мәссағаннан алынған ақпарат.
Шоқай Мұстафа – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, түрік халқының даңқты күрескері. Ол 1890 жылы Сырдария губерниясы Ақмешіт уезіне қарасты (қазір Шиелі ауданы) Наршоқы деген жерде туған. Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін 1902 жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. 1910 жылы Санкт-Петербор Императорлық университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Студенттік жылдары империя астанасындағы демократиялық қозғалыстарға қатысады. Ақпан төңкерісіне дейін Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханмен бірге Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. 1916 жылғы дүрбелең кезінде Түркістан және жалпы Қазақ жеріндегі бассыздықтарды әшкерелеп, Мемлекеттік Думаға арнайы құжатты мәліметтер ұсынады. Сөйтіп осыған байланысты комиссия құруға себепші болады. 1917 жылы төңкерістер тұсында мықты Түркістан мемлекетін құру идеясын ұстанады. Ташкентте «Бірлік туы» газетін ашады. Орынбордағы Алаш қайраткерлерімен тығыз байланыс ұстайды. Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Алғашқы съезде «Шораи ислам» жұмысына қатысатын 8 қазақ өкілінің бірі болып сайланады. Екінші съезде Алашорда үкіметі – Ұлт кеңесіне Сырдария атынан кіреді. 1917 жылы Жаңа Марғұланда өткен өлкелік мұсылмандар кеңесінде қайраткер Бүкілтүркістандық мұсылмандардың құрылтайын Қоқан қаласына шақыру туралы бастама көтереді. Қарашада Қоқанда Түркістан автономиясын жариялау шарасына бастан-аяқ қатысады. Осы жиында ол Түркістан автономиясы уақытша үкіметі сыртқы істер министрі болып тағайындалады. 1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбайұлы өз еркімен жұмыстан босағанда, ол осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты. 1918 жылы қыркүйекте қайраткер Самарада бас қосқан Ресейдің азаттық жолындағы күрескерлерінің Құрушы мәжілісіне (Комуч) қатысады. 1919 жылы ақпанда Түркістан мемлекеті идеясын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі ағылшын корпусы басшылығымен келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол жылы Баку мен Тифлисьте сәл аялдап, Стамбулға аттанады. Түркия арқылы алғаш Германияға, сонан соң Францияға барып орнығады. Эмиграцияда «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады. Қайраткер 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болады.

Filed under: Алматы, Ғибратлі, Қызықты ...

Блог санағы

  • 212,803 хит

Блогқа жазылу үшін және жаңа жазбаларды электронды почтаңызға келуі үшін, өзіңіздің электронды почтаңыздың мекен-жайын енгізіңіз.

Join 24 other followers

twitter

Суреттерім

Көп басылан сілтемелер