Қуаныштың блогы

Icon

IT жәнеде пайдасы бар мақалалар блогы

Қазақ блогшыларының 2-ші кездесуі өтті

Қазақ блогшыларының Алматыдағы екінші кездесуі аман-сау өтті.

Мен, Бақытгүл әпке және Асхат аға үшеуміз апта бойы семинарға дайындығымыз сәтті де пайдалы болды деп ойлаймын.

Кездесуге асығып {болашақ блогшылар} жеткендер тілші Ұлбосын Омарова, шырайлы Шымкеттен келген Сантай әпкеміз, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің студенті Аймура, аудармашы Жанна Қаршығанова, “Ана тілінің” жас тілшісі Рауан Сәбитұлы және “Білім Орта Азия” Білім орталығының шетелде оқыту бөлімінің басқарушысы Айгул әпкеміз болды.

kezdesy3.jpg kezdesy1.jpg

Read the rest of this entry »

Filed under: Блог

Қазақ блогшыларының Алматыдағы екінші кездесуі

Қыркүйек айының 29-ында сағат 11.00-де “Bilim – Central Asia” Білім орталығында ( М.Төлебаев 31/13 **Мақатаев** көшеcінің қиылысы) қазақ блогшыларының Алматыдағы екінші кездесуі өтеді.
Кездесу тренинг форматында өткізілмек. Кездесу бағдарламасы:

  • 11.00-11.05 Танысу

  • 11.05-11.30 Блог туралы түсінік (Асхат Еркімбай – модератор)

  • 11.30.-11.40 Сұрақ-жауап

  • 11.40.-11.45 үзіліс

  • 11.50.-12.15 Үнхабар (podcast) дегеніміз не? Оны қалай дайындайды? (Қуаныш Мағзуов)

  • 12.15-12.25 Сұрақ-жауап

  • 12.25.-12.30 Үзіліс

  • 12.30-12.55. Қорытынды. Пікір ұсыныстар.

Достар. Семинар тегін өтеді. Қатысқыңыз келсе, “Семинар сізге қалай көмектеседі деп ойлайсыз?” деген жалғыз сауалға жауаппен бірге аты-жөніңіз
және координаттарыңыз көрсетілген хатты
Асхатқа (urim@gmail.com), Бақытгүлге baqyt@gmail.com және Қуанышқа huan@gmail.com жолдасаңыздар болады. Қосымша сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыздар! Естеріңізде болсын, өтініштер Жұма 28-қыркүйекке дейін қабылданады. Орын саны шектеулі.

Filed under: Қызықты ...

Ораза

ramadanislam.jpg

Аузы берік адам ішіп-жеуін Мен үшін доғарды. Ораза – Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен ғана беремін. Аузы берік құлымның аштық пен сусындауынан шыққан ауыз исі Мен үшін миск әтірінен де тамаша

 

Қудси хадис

Read the rest of this entry »

Filed under: Ғибратлі

Блог жайлы үнхабар

Блог жайлы үнхабар

Алғашқы poscast-ым. Мен бұл подкаста блог туралы қысқаша түсініктеме беріп кеттім. Подкаста: Блогта не жазуға болады? , Блогтың сайтқа қарағандағы артықшылығы қандай? және ондағы үйлесу құралы RSS технологиясы не? деген сұратарға жауап таба аласыз деген ойдамын.

Filed under: Подкаст

«Қазақ тілі»

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының «Мемлекеттік тіл және ақпараттық технологиялар» атты дөңгелек үстелін ой-пікір алмасуына қатыстым!

Дөңгелек үстел өткізудің басты мақсаты қазақ тілін дамытуда ақпараттық технологияларды пайдалануға, Интернет кеңістікте қазақ тіліндегі ақпараттық ресурстарды көбейтуге, осы орайда туындайтын қиыншылықтар мен кедергілерге жұртшылық назарын аударту. Компьютерлік бағдарламалардың қазақша нұсқаларының мемлекеттік мекемелерде, білім мекемелерінде және жалпы халық арасында пайдаланылу мүмкіндіктеріне шолу жасау. Әсіресе, қазақ тіліндегі бағдарламалық қамтамасыз етулерді қолданудың қазақ тілін үйрену мен оның мемлекеттік мекемелерде пайдаланылу процесіне әсері қаншалықты болатындығына, ақпараттық технология саласы бойынша отандық және шетелдік тәжірибелерге айрықша назар аударылады.

Read the rest of this entry »

Filed under: Қызықты ...

Kezdesu!

Ассаламалейкум халайық!

Өткенде Қазақ Блоггерінде жазғанымыздай мәссағандықтармен кездесу болады деп Асхат аға жариялаған болатын! Яғни Бақытнұр және Жанарбек ағалармен кездесу. Бақытнұр аға кейбір жағдайға байланысты асығып 30 күні Кореяға оралды. Бірақ бір шамамыз жүзін көріп, кейбіреулеріміз телефон арқылы сөйлесіп үлгергенде бар. Енді Жанарбек ағамыз Тараздан бүгін инш. келеміз дегендей болды, сондықтан кім мәссаған құрушыларының бірі жәнеде идеяның бастаушы болған ағамызбен кездесуге келеміз деген ынталары бар кісілерді шақырамыз!

Тараздан қыркүйектің 2-сі күні сағат 15:00-ден кейін Алматыда болады.

Filed under: Қызықты ...

Блог санағы

  • 205,008 хит

Блогқа жазылу үшін және жаңа жазбаларды электронды почтаңызға келуі үшін, өзіңіздің электронды почтаңыздың мекен-жайын енгізіңіз.

Join 22 other followers

twitter

Суреттерім

Әбілхан Қастеев туындылары

Әбілхан Қастеев туындылары

Әбілхан Қастеев туындылары

More Photos

Көп басылан сілтемелер