Қуаныштың блогы

Icon

IT жәнеде пайдасы бар мақалалар блогы

Қазақтелекомның интернетке қосылуы!

Бүгін жора-жолдастарыма интернетті қосып берген едім. Қазақтелекомның мегалайннан бөлек интернетке  қарапайым модем және телефон арқалы қосылу түрінің коды өзгерген.

Қолданушы (login): internet

Кілт(password):internet

Қоңырау шалу номері (Call number): P8WW7501010502 (аналогты желі үшін);   {P} 8W7501010502 (цифрлік желі үшін, {P} – болмауыда мүмкін)

Бұлардың өзгеруі интернет жылдамдығын арттырады деп естідім. Тексеріп көрдім, өзгеріс жоқ! Қандай жылдамдық болатынын күтейік?

Advertisements

Filed under: Алматы, Ақпарат, Интернет, Компьютер, Тегін

Қытайдың өнері алмаға жетті!!!

Алматыда сатып алынған алма!

Бірақ не жазылғанын түсінбедім?

apple.jpg Read the rest of this entry »

Filed under: Алматы, Ақпарат, Өнер

Қысқаша сөзбен…

BarCamp Baltics 2008 әне-міне деп өтті. Киевтегі BlogCamp-ке қарағанда сәл ұйымдастырылған түрде болды. Өзім барып көп қаланы қыдырып кеттім. Менің ноутбугім BarCamp Baltics болған жерде Wi-Fi ұстап интернет жұмыс істемей қалды. Сигнал болды. Бірақ интернет істемей әуреленіп қалдым, ал хостелде жақсы ұстады. Бақытгүлдің ноутбугі керісінше хостелде сигнал ұстап интернет жасамады. Осындай сылтаумен блогқа жаза алмадым. BarCamp өту барысын Бақытгүл мен Асхат онлайн жазып отырды, мен өзіме ұнаған суреттерді көрсетейін. Read the rest of this entry »

Filed under: barcamp, Ақпарат, Блог, Білім & Оқу, Интернет, Google, riga, web 2.0

РИГА ҚАЛАСЫ

Міне хостелдегі Wi-Fi интернетін қолданып отырмыз. Өзіміз С.Питерден ұшақты көп күткізіп шаршатып жіберді. Ригаға келгенде Артур Мендис күтіп алып қаланың ескі және жаңа бөліктерін көрсетті. Тазалықты ұстанған қала екені көзге бірден түсті. Кейін ақша айырбастағанда салыстырып қарасам Латвиялық лат теңгеге шаққанда 240 теңгеге тең, еуро мен доллардан құны жоғары. Кейін мен Асхат аға мен хостелге барып бөлмені алдық, қасымызға Әзербайжаннан Рашад және Элгар атты қонақтар келіп бөлмемізге қосылды. Қалаға ұшақтан қарасан орманның ортасында орналасықан секілді. Сонымен біраздан соң Мәскеуден Нұргелді ұшып келуі керек!!!

Еретен бізде тіркелу мен қатар экскурсиялар болады.  

Filed under: barcamp, Блог, Білім & Оқу, Google, riga, web 2.0

АЛМАТЫ – САНКТ-ПИТЕРБУРГ – РИГА

Алматыға жаңа келіп жеттім. Виза шүкір алла қолымызға тиді. Дүйсенбі күні университетімнің димломдық жобаға арналып өтіп жатқан тәжірибесінен сұранып, кешке Астанаға баратын испандық жылдам жүретін поездыға отырып барған болатынмын. 10 сағат ішінде жеткізіп салды. Кейін поездың жылдам жүргенінен басым, ішім ауырып кешке дейін өзіме әзер келдім. Испандық поездының рельсі біздің ескі жолдарға ені келмегендіктен бе, поезд қатты шайқалып жүреді екен, сонымен іші тар. Қайтар жолда қарапайым өзіміздің поездға отырып рахаттанып жеттім.

Осының бәрі Рига қаласында болатын BarCamp 2008 – ге жету үшін атқарыл іс. Міне сөйтіп бугін түнде АЛМАТЫ – САНКТ-ПИТЕРБУРГ – РИГА маршруты арқылы ұшіп барамыз. Қазақстаннан Бақытгул, Асхат, Нұргелді, Елена және мен баратын болдық. Бұйыртса Ригадан шамамызға қарай тікелей хабарларды жеткізуге тірісамыз. Ойымша ең қызығы мен маңыздысы презантациялары және ертесінде болатын инкубатор (жобаны-талқылау) болатын секілді. Төмендегі бейджик Нұргелдінің қолынан шыққан өнер. Рига-да кездескенше баріне салем! Read the rest of this entry »

Filed under: Ақпарат, Блог, Білім & Оқу, Интернет, Подкаст, Тегін, Google, Қызықты ..., web 2.0

Ақпанның алғашқы сенбі күні…

Жыл басы болған соң, істейтін шаруалар бастан асып жатыр. Өктен аптада сыныптасым (класстасым) Әйгерім қоңырау шалып, ақпанның алғашқы сенбісінде сыныптастарымызбен кездесу болады деп хабар жеткізді. Мен не үшін жиналатынын басында түсінбедім, кейін естіп білуімше ақпанның алғашқы сенбісі мектеп бітірушілер күні болып саналады екен. Биыл мектеп бітіргенімізге 5 жыл болыпты. Уақыт зуылдап өтіп бара жатыр. Құрбы – құрдастарымды көрім мектептегі өткен шағымызды еске алып қойятын шығармыз деп ойлаймын. Осы күнді сіз білдіңізбе?

Filed under: Ақпарат, Блог, Білім & Оқу, Қызықты ...

Блог санағы

  • 215,168 хит

Блогқа жазылу үшін және жаңа жазбаларды электронды почтаңызға келуі үшін, өзіңіздің электронды почтаңыздың мекен-жайын енгізіңіз.

Join 23 other followers

twitter

Суреттерім

Көп басылан сілтемелер