Қуаныштың блогы

Icon

IT жәнеде пайдасы бар мақалалар блогы

Файл аттарының стандартты типтері

Файлдың аты немесе типі (Windows-те суреті, белгішесі) онда сақталынатын информацияның тегіне, мазмұнына, типіне қарап беріледі. Файлдарды толық аттары бойынша айырып тануға мүмкіндік беретін мына төмендегідей стандартты типтері бар:

.ASM – ассемблер тіліндегі программа;

.BAS – BASIC тіліндегі программа;

.СОМ – тікелей атқарылуға арналған командалық файл;

.DАТ – мәліметтер файлы;

.DОС – Word программасында дайындалған құжаттық файл;

.ЕХЕ – ОС басқаруымен атқарылатын файл;

.PHP – PHP динамикалық тілінде жазылған бет;

.РАS – Паскаль тілінде жазылған программалық файл;

.ТХТ – Блокнот программасында дайындалған мәтіндік файл.

Filed under: Ақпарат, , , , , , ,

Қазақ тілінде жазайық!!!

Privet! Kak dela? 14 maya 2008 goda v Astane NDP “Nur Otan” provodit I S’ezd MK “Zhas Otan”. Opravsvoi pozhelaniya nam! www.ndpnurotan.kz ili na nomer 1405

Осылай орыс тілінде sms маған келді, енді соның сізге қазақша нұсқасын төменде жаздым.

Қазақша нұсқасы: Салем! Қал қалай? 14 мамыр 2008 жылы Астанада “Нұр Отан” ХДП –сы “Жас Отан” ЖҚ-ның I Съезді өтеді. Өз тілегіңді бізге жібер! www.ndp-nurotan.kz немесе 1405 нөмеріне.

Осылай sms арқылы хабар жеткізгені өзіме ұнады. Мен қазақ тілінде тілегімді жазайын деген мақсатпен сайтқа барсам, қазақ тілінде мағлұмат жоқ болып шықты. Кейін қазақ тіліндегі сайтта ақпарат болмаса, 1405 нөмеріне жіберілген қазақша тілекті қарастырама деген ой туды. Өкінішті.

Filed under: Ақпарат, Қызықты ..., , , ,

«Think Different» – iPhone

Apple өнімінен iPhone қолыма жетті. АҚШ-тан Аслан досым алып келген (respect). Өте ыңғайлы мобайл телефон. Интернетпен жақсы жұмыс істеуімен ұнады, бірақ біздегі провайдерлердің интернет қызметі қымбатшылық екен. Кітаптар оқу, веб-браузерінің қолдану және gmail –почтамен жақсы жұмыс істеуімен көңілімнен шықты. Тағы көп мүмкіндіктерін енді танып, үйрену үстіндемін. Байқасаңыз Flickr – тегі жаңа суреттер iPhone – нан түсіріліп жіберілген!

Filed under: Ақпарат, Интернет, Қызықты ..., , , ,

WordPress.com 1-сағат демалды

Таңңертен (Алматы уақыты бойынша) WordPress.com 1-сағат демалды. Яғни блогымда істедемеді. Бір қызық екен.

Бірақ WordPress.org өз жұмысын атқарып отырды.

Filed under: Ақпарат, Блог, Қызықты ..., , , , ,

Қазақ тілінде сөйлейміз!!!

Қаскелен қаласындағы Өрттен құтқару мекемесінің насихаты.

Осындай насихаттар мемлекеттің басқа мекемелерінде орын тауып жатса, десенші!!!

Filed under: Ақпарат, Блог, Қызықты ..., , , , , ,

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!!!

Міне жаңа Мәскеудегі өткен парад аяқталды. Өте жақсы өткізді. Генералының берген басқарулары өте анық және дауысты шықты. Жаңа таңдалған призидент Медведев өзінің құттықтау сөзімен ашып берді. Сонда Қызыл Алаңнан Рейхстагта тігілген туды алып өткен кезде сол туды Егоров және Кантария тіккен деп атап өтті, бірақ сол кезде туды негізі Рақымжан Қошқарбаев тіккен болатын. Оны біз кешкентай кезден білеміз.

Менің атам Хусаинов Мағзу соғысқа қатысқан. Украиндік Фронттің құрамында болған. Висла қаласына дейін жетіп, 2 рет Орден Атағын алды. Атам пулиметші, бірнеше ұшақтарды атып түсіргені үшін де берілген медальдары бар.

Соғыс Ардагер Ата-Әжелерімізді сыйлап құттықтап, осы күнге аман-сау жеткізгеніне рахмет айтуды ұмытып кетпеңіз!

Барлықтарыңызды Ұлы Жеңіс күндерімен Құттықтаймын!

Filed under: Ақпарат, Қызықты ..., , , , ,

Vista мен ойнауға болмайды екен.

Осымен менің қолыма Microsoft Vista Операциялық Жүйесімен түскен бірнеше ноутбук. 1-шісінде операциялық жүйесіне келетін, арнайы драйверлерін ресми сайттарынан көшіріп орнаттайық десек қабылдамады. 2 – шісінде – Microsoft Office бағдарламалырының лицензиясы жоғын қабылдамай быраз әуре болғанбыз. Кеінгілерінде ойындарды ( FIFA 08 ) орнатуға мүмкіндік бермеді. Егер ноутбук құрылғыларына XP – ге арналған драйверлері табылып жатса, Vista – ға тиіспей винчестірді екіге бөліп, сонда XP Операциялық жүйесін орнатып мәселені шешкен болатынбыз. Егер сізде операциялық жүейсін таңдау тұрса әзірге XP дұрыс секілді. Жақында Microsoft Windows XP SP3! Жаңартып алуға болады.

Filed under: Ақпарат, Интернет, Қызықты ..., , , , ,

Блог санағы

  • 210,581 хит

Блогқа жазылу үшін және жаңа жазбаларды электронды почтаңызға келуі үшін, өзіңіздің электронды почтаңыздың мекен-жайын енгізіңіз.

Join 23 other followers

twitter

Суреттерім

Көп басылан сілтемелер

  • Жоқ