Қуаныштың блогы

Icon

IT жәнеде пайдасы бар мақалалар блогы

BarCamp Baltics 2008 vs Астана

Сонымен Астанамызды көріп келдім. Рига қаласында ақпан айының 8 – 10 аралығында өтетін блоггерлердің кері конференциясы өтеді, Латвия мемлекетіне Шенгендік виза қажет. Алматы қаласында елшілігі жоқ екен. Виза үшін құжаттарды Астанаға барып тапсыруға тура келді. Астанада болған Асхат аға күтіп алып елшілікте көмек көрсетіп шығарып салды (Алла разы болсын Асхат аға).

Астана қаласы маған ұнады, өте керемет ғимараттар салынған және салынып жатыр 🙂 Өзеннің оң жағында қарапайым халық өмір сүреді, ал сол жағында жұмыс істейтін екен. Маған ұанамағаны автобустарда студенттік жол ақының жеңілдігі жоқ екен, студенттер қиналып жүрген шығар 😦
Read the rest of this entry »

Advertisements

Filed under: Ақпарат, Блог, Қызықты ...

4# АҒЫЛШЫН – ҚАЗАҚ Сөздігі

Register – Тізілім

 

Windows тізілімі немесе жүйелік тізілім (Windows Registry) – Windows операциялық жүйесінін бапталуы және иерархиялық түрде құрылған дерекқордың параметрлері. Тізілімде құрал қамтамаларын баптауға, программалық қамтамаларды баптауға, қолданушының профиліне арналған ақпараттардан тұрады. Тізілімді көру үшін “windows + R” осы екі пернені басып, “regedit” – теріп басңыз. ТІЗІЛІМНІҢ МӘНДЕРІН БІЛІМЕСЕҢІЗ ӨЗГЕРТУШІ БОЛМАҢЫЗ, ҚАТЕ ӨЗГЕРТІП ҚОЙСАҢЫЗ ЖҮЙЕНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ ҚАТЕР ТӨНДІРУ МҮМКІНСІЗ!

regedit.jpg

Read the rest of this entry »

Filed under: Ағылшын-Қазақ сөздігі, Ақпарат, Білім & Оқу

Блог! БлоГ! БЛОГ!

Менің блог жүргізіп келе жатқаныма көп болғаны жоқ. Осы уақыт ішінде блогтың өміріме әсері тиді, өзгердім десем дұрыс шығар! Студенттік өмірдегі ең басты сынақтардың бірі мемлекеттік емтиханды кеше тапсырып өттім. Міне жаңа жылда ескі жаңа жыл болып қалды. Қазір екі қолыңды бос, алдыңа ас қойдым демекші, менің блогқа сіздердің ойларыңызды білгім келіп отыр !?! Сын айтылмай мін түзелмес! Оқырман сіз не ойлайсыз осы блог туралы? Сізге не ұнайды? Не ұнамайды? Не жетіспейді? Осы блогтың пайдасы болдыма сізге?

Маған қойылатын сұрақтарыңыз болса жауап беремін!  

Filed under: Блог, Білім & Оқу, Интернет

ДИПЛОМ ҚОЛЫМА ЕНДІ ЖЕТТІ!!!

diplom.jpg

Өткен жолы Асхат аға блогында осы конкурстың нәтижесі жайлы жазылған болатын. Мен қайталап жазбау үшін, соның жемісі алған дипломыма қоса Қалталы Дербес Компьютер сыйлығын берді. Қолдау көрсеткендерге АЛҒЫСЫМДЫ айтамын! 

 

Filed under: Ақпарат, Блог, Интернет, Тегін, Google, Ғибратлі, Қызықты ...

PDF файлын өзгерте алатын екенсіз

PDF Hammer – атты сайт тауып алдым өте пайдалы деп көрдім мен. Мұнда сізге PDF-файлыңызды қосымша программалық қамтамасыз тегін редактілеуге мүмкіндік береді. Браузер ортасынан шықпай-ақ PDF файлын өзгерте алатын екенсіз.  

Алдымен бір немесе бірнеше файлдарды жүктеп алуыңыз керек, кейін өзіңіз қалағанынша беттерді орналастыруыңызға болады. Сізге қажет етпейтін кез-келген беттеріңізді жоюып тастауға мүмкіндік береді. Сайтты қолдану қиынға соқпайтын секілді. Мен жаза бермей өздерің жасап көріңдер! Түсініксіз болып жатса айттыңыз 🙂     http://pdfhammer.com/

Filed under: Ақпарат, Интернет, Тегін, web 2.0

Google Maps – те қар жауады жапалақтап!

wether.jpg

Google Maps – ауа-райын картографиялық түрде ақпарат беретін болды. Интернетте адамдардың іздейтін ең танымал тақырып осы болатын.

Google Maps үшін америкалық The Weather Channel Interactive метеобюросы арнайы апплет шығарды, оның көмегімен картаға айа-райының қабатын қаптауына мүмкіндік береді. Спутниктен ауа температурасын, жауын-шашын, атмосфералық ауа ылғалдылығын, желді және бұлттардың тұнық бейне суреттерін көрсетеді.

Read the rest of this entry »

Filed under: Ақпарат, Интернет, Google

Jooce иттернеттегі өзіңнің жұмыс үстелің!

jooce1.jpg

Интернетте жұмыс атқаратын операциялық жүйе ( Web OS) қарапайым үйдегі ОЖ –нің ұқсасты болып отыр.

Jooce – де өзінің

·         Құрал-саймандар тақтасы, кәрзеңке, әндер мен видео сақтайтын қапшықтары бар

·         ICQ номерінді, MSN-дегі адресінді көрсетуге, AIM арқылы достарыңмен сөйлесу мүмкіндігі болады

·         Қолданушылар файлдарын жүктей  және кез-келген компьютер кіру мүмкіндігі болады   

Jooce — Интернет кафені Желіге шығу үшін қолданушылар үшін өте ыңғайы бар деп ойлаймын.

Дүние жүзінде бір күнде Интернетке Интернет кафе арқылы 500 миллион адам шығады. Өйткені электронды хат, чаттарда виртуалды сөйлесу, онлайн-ойындар және жұмыс іздеу секілді мақсаттарда интернет қолданушылардың бір шамасында өздерінің жеке компьютерлері жоқ бола интернет-кафесін қолдану мәжбүрлігі.
Көптеген тілдерді қолдайды соның ішінде бізге оңай орыс тілі жақында қосылған екен.

jooce.jpg

Filed under: Блог, Интернет, Қызықты ...

Блог санағы

  • 212,803 хит

Блогқа жазылу үшін және жаңа жазбаларды электронды почтаңызға келуі үшін, өзіңіздің электронды почтаңыздың мекен-жайын енгізіңіз.

Join 24 other followers

twitter

Суреттерім

Көп басылан сілтемелер