Қуаныштың блогы

Icon

IT жәнеде пайдасы бар мақалалар блогы

2008-жылға қорытынды

ЖЖ-дың кіруіне бірер сағат қалған кезде Интернетке қолым енді жетті. Астымыздағы көршіміздің төбесіне су ағып ремонт жасап берген болатынмын, өз бөлмемді жж-ға жаңа обои-мен деп ауыстырып үлгердім (алақай). Сонымен қысқаша еске түскен және ойда барын осы жылға қорытындылай өтейін.

Тышқан жылы біреуге жеңіл, бірімізге ауыр өтті. Енді келер сиыр жылында тек баршамызға жақсылық әкелсін ағайын.
Оқу:
Қызыл дипломды ҚазҰТУ-да қорғап осы жылы оқуымды аяқтадым.
Жұмыс:
Оқу бітірген соң жолдастарым мен жеке кәсіпкерлік ашып көрдік, кризиске байланысты тоқтатуға тура келді.
Жоба:
QB {QazaqBlogshilar.com} – wordpress платформасындағы Бахытгулдің бастауымен түгел қазақшалаған болатынбыз. Жаңа жылдан соң QB-дің хостинг мәселесін шешерміз.
Қызықты жерлер:
Рига каласында {BarCamp Riga 2008}
Киевте моблогингке қатыс кезде,
Орал қаласына болуым {досым Бекзатка қыз алып қайттық}.
Қуанышты сәттер:
iPhone – ды алғаным. Блогшылармен award-2008 – де кездескенім.
Үздік блогтар :
nurgisa.dosym.kz
urimtal.wordpress.com
akzere.wordpress.com
Үздік сайттар:
Massagan.com, twitter.com, habrahabr.ru

Жаңа 2009 Жыл құтты болсын!

Мықты денсаулық, көлдей шалқыған көңіл, байлық, енбекті жеміс, бакыт пен мөлдір махаббат тілеймін!

Advertisements

Filed under: Интернет, Казакша блогтар, Казакша сайттар, куттыктау, , , , ,

ҚазҰТУ-дағы 5 жыл !!!

5 жыл оқыған біліміңді бір сәтте айтып құтылып кету оңай емес екен!

Достар сонымен оқуымды бітірдім деп айтуға болмайды, өйткені ерінбеген адам үшін өмірдің бәрі оқумен өтетін секілді.

Дипломдық жұмысты өте жақсы деген бағаға қорғап шықтым. Тақырыбы “Интернетте ашық білім ортасын құру” болды. Диплом қорғау сағат 9-00 –да басталған болатын, ал Ғани екеуіміз дайындалып асыкпай 11 – ден өте бардық. Барсақ бәрі жылдам 15-20 минут ішінде қорғап шығып жатыр екен. Мұғалімдер мені көре салысымен тізімнен алдын мені кіргізіп қорғау жылдам жіберді. Неге өйткендерін өзім түсінбей қалдым. Қабылдаушы 6 кісі болып отырған ағай-апайлар отыр екен, арасында орыстар бар. Бастамай жатып орыс ағай жасаған диаграммаға тиісіп бір қырылысып алдық, алдын мен өз мұғаліммен кафедра меңгерушісінен сайт структурасының диаграммасы дұрыс жасалынған деген рұқсатын алған болатынбыз. Соның арасында 1 сағат өтіп кетіпті. Қорғап болған соң, иықтан бір ауыр жүк тусті.

Сәлден кейін сол күні қорғаған студенттердің (маман) бағасы айтылып, баршамыз жиналып ”Сәуле” кафесіне барып қорғағанымызды жуып алдық.

Сол күні тускен суреттер:

Filed under: Ақпарат, Ғибратлі, , , ,

Блог санағы

  • 229  431 хит

Блогқа жазылу үшін және жаңа жазбаларды электронды почтаңызға келуі үшін, өзіңіздің электронды почтаңыздың мекен-жайын енгізіңіз.

Join 23 other followers

twitter

Суреттерім

Көп басылан сілтемелер

  • Жоқ