Қуаныштың блогы

Icon

IT жәнеде пайдасы бар мақалалар блогы

Бір Тістен кетті

Екі-үш күннен бері тісім мазалап жүр еді.

Кеше түнде Eurodent‘ке барсам олар 24-00 дейін істейміз дейді екен.

Достық – Жамбыл көшесіндегі клиникаға жіберді,

жұлдыратын болсаң Достық – Ходжумуқановадағы емханаға бар деді.

Жолда машинаға жанармай құйамыз деп RP – заправкасына бардым, (1000 тг.)

сөйтсек емхананың қасында тұр екенбіз. Жаяулап бардым.

Кірсем екі қыз отыр екен, тіс қарап беретін дәрігерлер барма деп сұрадым.

Қасығызда адам бар деді біреуі, мен жоқ десем, онда сыртқы киімді шешіп,

аяғығызға бахил киіңіз деді. Сатып алып кейдім, 40 тенге тұрады екен.

Мұны айтып отырғаным, кезінде таныс ағамның спорт кешенінде осындай

бахил сататын құрылғысын қоямыз ба деген ой болған, сондағы бахил құны 6 тенге екен.

Ойлағанбыз 15 теңге десек жарма-жар болады деп, 20 тг қойсақ көп болар десек ))) Мынау 40 тг!

Кейін дәрігер келді де, менің аты-жөнімді жазып алдыда, тісті қарады. Мына рентгенге түсіру к/к деді.

Рентген кабинетіне кіріп жағымды пластинаға қойғанда зыңңңңң етті, пластина мұздай екен.

Тіс одан сайын солқылдап кетті. Сол үшін 630 теңге төледім (сурет рентген 1), дәрігерге апарып көрсетсем жұлу керек деді, өзімде солай ойладым, бірақ ол тіс емес деп іштей ойлап тұрғам.  Приборымен ұрып көріп жатып ауырдыма деп сұраса ауырмайды дедім, менде негізі екі тіс маза бермеген десем, екіншісі қайсысы деді.

Тұра үстіндегісі дедім, оны ұрып бастады, о_О , O_o көзім осындай болып, жатырған үстелді теуіп жібердім.

Read the rest of this entry »

Filed under: кызык, Қызықты ..., , , , , , , , , , ,

Блог санағы

  • 206,080 хит

Блогқа жазылу үшін және жаңа жазбаларды электронды почтаңызға келуі үшін, өзіңіздің электронды почтаңыздың мекен-жайын енгізіңіз.

Join 22 other followers

twitter

  • Мне понравилось видео "Почему В Майнкрафте Нет Инструментов И Брони Из 3 days ago
  • Мне понравилось видео "ОХОТА НА СЛЕНДЕРА В ГТА 5! ПОПАЛ В ЛОВУШКУ СЛЕНДЕРА! - 3 days ago
  • Мне понравилось видео "ФНАФ ТЕСТ НА ПСИХИКУ ЧЕЛЛЕНДЖ" ( youtu.be/lz5GVDJ8slI?a) на 3 days ago
  • Мне понравилось видео "ЛЕТАЮЩИЙ НУБ ПРОТИВ ПРОФИ! ТАКОГО ТЫ ЕЩЁ НЕ ВИДЕЛ! 3 days ago
  • Мне понравилось видео "Детское видео: играем в Майнкрафт. ИгроБой Адриан. 3 days ago

Суреттерім

Әбілхан Қастеев туындылары

Әбілхан Қастеев туындылары

Әбілхан Қастеев туындылары

More Photos

Көп басылан сілтемелер

  • Жоқ