Қуаныштың блогы

Icon

IT жәнеде пайдасы бар мақалалар блогы

Бір Тістен кетті


Екі-үш күннен бері тісім мазалап жүр еді.

Кеше түнде Eurodent‘ке барсам олар 24-00 дейін істейміз дейді екен.

Достық – Жамбыл көшесіндегі клиникаға жіберді,

жұлдыратын болсаң Достық – Ходжумуқановадағы емханаға бар деді.

Жолда машинаға жанармай құйамыз деп RP – заправкасына бардым, (1000 тг.)

сөйтсек емхананың қасында тұр екенбіз. Жаяулап бардым.

Кірсем екі қыз отыр екен, тіс қарап беретін дәрігерлер барма деп сұрадым.

Қасығызда адам бар деді біреуі, мен жоқ десем, онда сыртқы киімді шешіп,

аяғығызға бахил киіңіз деді. Сатып алып кейдім, 40 тенге тұрады екен.

Мұны айтып отырғаным, кезінде таныс ағамның спорт кешенінде осындай

бахил сататын құрылғысын қоямыз ба деген ой болған, сондағы бахил құны 6 тенге екен.

Ойлағанбыз 15 теңге десек жарма-жар болады деп, 20 тг қойсақ көп болар десек ))) Мынау 40 тг!

Кейін дәрігер келді де, менің аты-жөнімді жазып алдыда, тісті қарады. Мына рентгенге түсіру к/к деді.

Рентген кабинетіне кіріп жағымды пластинаға қойғанда зыңңңңң етті, пластина мұздай екен.

Тіс одан сайын солқылдап кетті. Сол үшін 630 теңге төледім (сурет рентген 1), дәрігерге апарып көрсетсем жұлу керек деді, өзімде солай ойладым, бірақ ол тіс емес деп іштей ойлап тұрғам.  Приборымен ұрып көріп жатып ауырдыма деп сұраса ауырмайды дедім, менде негізі екі тіс маза бермеген десем, екіншісі қайсысы деді.

Тұра үстіндегісі дедім, оны ұрып бастады, о_О , O_o көзім осындай болып, жатырған үстелді теуіп жібердім.

Қасымда басқа дәрігер үстелінде жатқан қыздың түрі бұзылып кетті. )))))

Еее деп осы тіс қой деді дәрігер, ауызды аш деді, үш жерден ауыртпайтын уколды салды.

Бастың бүкіл жүйке жүйесін қоздырып жіберді, өзіме әрең келдім, сосын бар тек осы тісті түсір деді қайта.

Қайта барып түсірдім. 530 тг. төлетті (сурет рентген 2).

Сөйтіп қалай жеткенімді білмеймін көзімді ашсам қолымда рентген суреті.

Кейін басылды ауырғаны. Дәрігер қойдыма деді, қойды десем қане көрсет рентген суретін деп алды да

жұлу к/к ау деді, неге жұлудан басқа сөз естімедім десем, тістің беті тәуір болғанымен түбірде киста деді.

Оны емдегенге операция к/к деді. Және қайта пайда болуы мүмкін, сосын есіме түсті ауыздан арасында бір жаман иіс шығатын ауызды тазалап жүрсемде, алмасаң солай болады деп нүкте қойды дәрігер.

Жұлыңыз дедім. Пласкагупциды алып ауызға салып тісті жұлқып – жұлқып бір минутка жеткізбей шығарып алды жақтан!!!!!!!!!!!!! Тісті көрсетпеді.. дабай деп үлгермедім. (Тіс жұлу 4 500 теңге)

2 сағат ештеңе ішпе, тістегі тампонды жартысағантан кейін түкіріп таста,

2-3 күн ауызды стакан суға бір қасық тұз бен, бір қасық соданы араластырып

2 -3 сағат сайын шайқап тұр деп нұсқаулық берді.

Жолда кетонал алдым да ішіп алдым.. Сонда да сыздатып тұр, тістің орны …

Сол тісім-ай, қайтаруға сол күнді-ай cау кезін ..

Кетті бір тіс.

 

АИ-92 жанармай  1 000  теңге

(сізде таксиге кеткен акша дейік)

Бахил 1 дана  40 теңге

1-ші рентген 630 теңге

2-ші рентген 530 теңге

тіс жұлу – 4 500 теңге

Барлығы= 6700 теңге


 

Advertisements

Filed under: кызык, Қызықты ..., , , , , , , , , , ,

12 Responses

  1. urimtal айтады:

    шипасын берсін! Сонда жалпы есепте қанша кетті?

  2. Мейіргүл айтады:

    Сіз қымбат жерге барыпсыз ғой))) Негізі бұдан арзандау жұлатын жерлер бар. Ол жақтарда аяққа бахил кию деген жоқ)))Бірақ,жұлғанда жаныңды көзіңе көрсетеді…)

  3. Байназаров Талғат айтады:

    Шипасын берсін! Мен таяуда ғана екі тісіме пломба салдырдым. Қазір, шүкір, ауыруды қойды. Пломба салуға да жарамайтын тістерім еді. Сіз барған жерге мен де барғанда жұлып тастаушы еді. Одан гөрі бірнеше тісіңізді оптом біз жақта емдетсеңізші. Арзанға түседі. өкінбейсіз))

  4. estetika91 айтады:

    ))))))) АИ-92 жанармай 1 000 теңге

    (сізде таксиге кеткен акша дейік)

    «Бахил 1 дана 40 теңге

    1-ші рентген 630 теңге

    2-ші рентген 530 теңге

    тіс жұлу – 4 500 теңге

    Барлығы= 6700 теңге» – депсіз ғой. Енді 6700 теңгемен бір тісіңізбен қоштасыпсыз.)))))))))))) Қалған тістеріңіз аман болсын!

  5. qulpynai айтады:

    Денсаулығыңдағы барлық нашаар жерлер осы бір тіспен кетсін. Он екі мүшең аман болсын.

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Блогқа жазылу үшін және жаңа жазбаларды электронды почтаңызға келуі үшін, өзіңіздің электронды почтаңыздың мекен-жайын енгізіңіз.

Join 22 other followers

twitter

  • Мне понравилось видео "Почему В Майнкрафте Нет Инструментов И Брони Из 3 days ago
  • Мне понравилось видео "ОХОТА НА СЛЕНДЕРА В ГТА 5! ПОПАЛ В ЛОВУШКУ СЛЕНДЕРА! - 3 days ago
  • Мне понравилось видео "ФНАФ ТЕСТ НА ПСИХИКУ ЧЕЛЛЕНДЖ" ( youtu.be/lz5GVDJ8slI?a) на 3 days ago
  • Мне понравилось видео "ЛЕТАЮЩИЙ НУБ ПРОТИВ ПРОФИ! ТАКОГО ТЫ ЕЩЁ НЕ ВИДЕЛ! 3 days ago
  • Мне понравилось видео "Детское видео: играем в Майнкрафт. ИгроБой Адриан. 3 days ago

Суреттерім

Әбілхан Қастеев туындылары

Әбілхан Қастеев туындылары

Әбілхан Қастеев туындылары

More Photos

Көп басылан сілтемелер

  • Жоқ
%d bloggers like this: