Қуаныштың блогы

Icon

IT жәнеде пайдасы бар мақалалар блогы

Оқу және білімге қазақ жастарының талпынысы қандай жағдайда?


Біздің жастар еліміздің қара шаңырақтарында және шет елдерде білім алып жүргені мәлім. Шетелде білім сапасы жақсы деген қалыптасып қалған ой пікір бар. Соны естігенінде, шетелде оқысам ба дейді әр көкірегінде білімге деген оты бар жастарымыз. Неге?


Мен кеше көптен бері көрмеген досыммен кездестім. Сол арада арамызға досымның жолдастары келіп, таныса кеттік есімдерін сақтап үлгерген жоқпын, көп болғандықтан. Арамызда оқу жайлы сөз шыққанында қуанып қалдым, бірақ  кейін бір жігіттің сөзіне ішім күйіп.  Өзі күндізгі бөлімде оқиды екен, сондағы әкесі жауып берген сессиясын мақтан айтып отыр. Қалған жігіттер «Дұрыс мүмкіндік болса сөйтіп қыдырып, ән салып, қанғыған тіпті жанға жақсы» деген ойлар ағылып жатты. Сондағы осы бір оқиға емес, халық аузынан бұдан сұмдығын естисін.
«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, …» деген Абай атамыздың өлең жолдары есіме түсті. Неге Қазақстанымыз аяғына тұрып келе жатқанында осындай ойын, құмарға жақын боламыз? Кәзір жастар мына жаңа оқу жүйесіне көңілсіз өз ойларымен қарайды, бізге жүйені жөндеу керек деп үн салғанша осындай жастрамыздың білім мен оқуға ынтасы, ниеті түзелсе еліміздің көркі болар емеспе?! Оқу мен білімге деген шабыттары асып тұрған жастарымызды санауға келеді.
Кейін өзі оқып бітірген мамандығы бойынша жұмыс, істеген мамандар айтарлықтай көп емес. Өйткені басқа салада көбірек ақша аламын, маған сол жақсы дейді де 4 жыл оқып алған дипломын сурет секілді қыстырып коюға қиналмайды. Бұғанда жастар арасында айтылған сөз бар: Сенің артыңнан төрт жыл жүгірдім, енді сен менің артымнан жүгіресің(дипломға қарап тұрып) 🙂 Басқа сала, яғни сол баспен ойланбайтын жұмыс болса болды деп айтқан кейбір жастарымызды кездестіру кәзір ғажап емес. Егер осылай бір мамандығынан алшақ жақсы төлеген жерге басы ауып кете берсе қандай мамандар бізде келіп жатыр деп ойлаймын.
Бірақ жүрегі ашық жастарға осы тақырыпты қозғасақ оны қайтесін ол ауру тақырыпты қозғап дейді, бір шетінен олар айтады санада ой және қайрат болғанымен қолда қаражат немесе күш жоқ деп өздерінің мүмкіндіктерінде тоқталады. Солай шығар 😦
Жастар алдымен білім қуып, алға жылжып отырсақ мемлекетіміз бізге де өздерінің көңілдерін бұданда жақсы жағына ауыстырар!
Қазағым шала ұйқыдан оянып тұрса, бәрі  іншалла жақсы болып,болшағымызға қадамымызды нық басамыз деп ойлаймын! 

Advertisements

Filed under: Білім & Оқу

2 Responses

  1. urimtal айтады:

    Жақсы, мәселе көтеріпсің. Қазір білім қажет екенін жастардың өздері терең түсіне бастады. Менің ойымша, университеттегі білімге қанағаттанбасаң, өзіңе қажетті білімді басқа жерден алу мүмкіндігі бар. Қазақ оқу орындарындағы мұғалімдер (барлығы деуден аулақпын) білімнің деңгейін түсіріп отыр деп ойлаймын.

  2. Арсик777 айтады:

    окимын деген студент мугалiмнiн берген багыт багдары аркылы озi талпынып, бiлiм iздейдi -деп, бiздiн коп мугалiмдер жиi айтады. Бiрак мен буган толыгымен келiсемiн деп айта алмаймын. Елiмiздiн жогары оку орындарында окытушылардын барi бiрдей бiлiмдi деп тагы айта алмаймын. шет елде бiлiм алу сол себептен шыгар.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Блогқа жазылу үшін және жаңа жазбаларды электронды почтаңызға келуі үшін, өзіңіздің электронды почтаңыздың мекен-жайын енгізіңіз.

Join 23 other followers

twitter

Суреттерім

Көп басылан сілтемелер

  • Жоқ
%d bloggers like this: