Қуаныштың блогы

Icon

IT жәнеде пайдасы бар мақалалар блогы

Алғашқы BlogCamp туралы


BlogCamp CIS and Baltics
Blogcamp – бұл ТМД және Балтық елдеріне жаңа медиаға, блогтарға, веб 2.0 және осымен байланысы бар тақырыпқа арналған «бейконференциясы».
Blogcamp 2007 жылы 13-14 қазан айында Киев қаласыныдағы Физвоспитания Университетінде болып өтті.
Бұл бас қосуымызда Украинадан, Ресейден, Беларусиядан, Латвиядан, Казахстаннан, Узбекстаннан, Эстониядан, Польшадан, АҚШ – тан 250 – ге жуық қатысушылар болды. Қатысушылар конференцияда 60 – қа жуық сессиялар құрастырды, әр қайсысына берілген уақыты 20 немесе 50 минут. Сессия құрамы презентация, лекция, дөңгелек үстел, ой – пікір алмасу түрінде орысша, ағылшынша және украин тілдерінде жүріп жатты.
BarCamp – форматы бойынша кезкелген қатысушы сессия жасауына мүмкіндік бар, бірақ әр қатысушы амалы кегенше жасауы тиісті.
Енді екі күнде болған өте тамаша конференцияның әр күніне жеке тоқталып өтейін.

Алғашқы күні
Қазанның – 13-і, сенбі
Авторлар мына жердегі http://blogcamp.com.ua/index.php?title=Main_Page кестеге өзінің сессияларын енгізуіне, яғни кестедегі бос орын уакытымен болатын дәрісханасын таңдап кіргізуіне мүмкіндігі болды.
Осы күні болған сессияларды сіздердің назарларыңызға кей біреулеріне тоқталып өтейін.
Блогкемптің ашушы Ресейдегі Яндекс өкілі Антон Волнухин 2007 жылдағы Украинаның блогсферасы атты сессиясын жасады. Яндекстің және Technorati-тің көмегімен украин блогсферасына өткізген санақ бойынша 122 мың. блог бар екен деді. Соның ішінде 7% (9 мың.) ғана украин тілінде жүргізіп отыр. Ал орыс тілінде жүгізетін бүкіл ғаламда блогтар саны 2.5 миллион. Украина блогсферасының даму қарқы жылына 2.5 есе деп атап өтті. Белсенділік жағында орыстардан алда, орташа орыс блогшысы 5 жазба жазып отырса, украиндіктер 7 жазба. Орыс тіліндегі блогшылардың орташа жастың санақ көрсеткіші 21 – жастағы Мәскеу қаласының студент қызы (Li.ru, Livejournal және Diary.ru бойынша), өйткені орыс блогшыларының 64% – әйел кісі екен. Ал енді украин блогшыларының 53% – қыздар, 47% – жігіттер жүргізіп отыр. Бізде қандай екен ? Осы санақтарды Яндекс арнайы Блогкемпка жасадық деп өздерінің сессиясын аяқтады. Тамаша мысалдар келтіріп отырды сөз сөйлеу барысында.
Кейінгі Балтық елдерінің сессиялары мені таң қалдырған, олардың өмірлеріне әлеуметтік желінің енуі соншалықты болғаны халқының 94% өздерінің профилдары бар екен. Сәйкесінше заң қорғаушы органдар адамдарды іздеу және қылмыстарды шешуде солардың көмегіне жүгінеді. Ең бастысы барлық қызметтер ақылы, мысалы беттің артқы түсін өзгерту немесе суретке дауыс беру секілді деген тағы басқа көптеген осы секілді қызметтерге тышқанның бір батыру мен төлем жасайды. Халықының патриоттық күші байқалады, жәнеде қолданушылардың қаражат шашуының көпшілігі.
Украинадан презентациялардың айрықша көзге түскені ХейВей, ашық журналистика порталы, яғни порталда жарыққа шыққан тілшілердің мағлұматтарына бағаны оқырмандар береді, әр тілшіге өзінің профилі жасалып берсе және ең үздік мақалаларға ақшалай сыйақы бөлінеді.
Александр Демченконың Петеция онлайн сессиясына қатысып үлгердім. Идеясы қоғамдағы өзекті мәселерді сол арада талқылауға салып керек орындарына жолдау, сонымен мысалы олар «Нашақорлық және ІІБ» және «Автокөлікке кеден салығы» деген мәселердің көбісін осы талқылау арқылы шешкендері жайлы тәжірибелері барын атап өтті.
Қазақстаннан үш адам қатысты. Ақтөбеден Денис Пошелюзный, Елена Жетпісбаева және өзім, олармен блогкемпта таныстым. Денис Ішкі Корпоративті Блоггинг: даму болашағы атты презентациясын керемет жасады. Корпотивті мәдениетті ұстану, блогсферасының классификациясын анықтау және санақ бойынша зерттеу жайлы толық ақпарат айтып өтті. Қазіргі кездегі корпоративті блогті енгізудің кедергілерін мен оны қолдауы және қолданыстағы мысалдарды келтіре отырып түсіндірді. Денистің өзі Тенгиз – Шевройл компаниясында жұмыс істегендіктен копоративті блогтың қыр – сырын ашып айтты. Мен өзім екінші күні Қазақ тіліндегі блогтардың қал–жағдайы атты сессияны жасадым. Біздің арамыздың кеңейіп келе жатқаны жайлы және өткізіп жатқан блогшылардың кездесуі(семинарлар) жайлы айттым. Казақстан интернетті дамуының деңгейі мен қолдану сферасына тоқталдым.
Қыргыз елінен өкінішке ешкім келгені жоқ, өзбектерден екі кісі келді соның біреуімен танысып үлгердім. Ол кісінің есімі Сергей Наумов, тәуелсіз тілші екен.
Бірінші күн баяндамалы болған, ал екінші күні – осының бәрін талқылау болған секілді.
ТМД және Балтық елдері үшін Блогкемп жаңа технология бойынша өте керемет мүмкіндіктер ашып берді, мұнда бәрі еркін ой–пікір алмасу, бір – бірімен тәжірибемен бөлісуде ашық болды. Көптеген жаңа адамдар мен танысуға, қарым–қатынас құруға мүмкіндіктер берілді.
Мен осы ұйымдастырушыларына өте үлкен алғысымды айтамын. Админ группа Александр Демченко, Максон Пуговський, Окса Завойка …….. баркемпқа бастау салған негізі Евгений Морозов.
 

Advertisements

Filed under: Блог

2 Responses

  1. Anar айтады:

    🙂
    анг1мене рахмет:)
    Сен айткан Денис Пошелюзный екеум1з б1р кабинетте отыратын ед1к, атын кор1п маз болып жатырмыз:))

    Куаныш, енбег1не табыс ь1лейм1н.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Блогқа жазылу үшін және жаңа жазбаларды электронды почтаңызға келуі үшін, өзіңіздің электронды почтаңыздың мекен-жайын енгізіңіз.

Join 23 other followers

twitter

Суреттерім

Көп басылан сілтемелер

  • Жоқ
%d bloggers like this: