Қуаныштың блогы

Icon

IT жәнеде пайдасы бар мақалалар блогы

Қазақ блогшыларының 2-ші кездесуі өтті


Қазақ блогшыларының Алматыдағы екінші кездесуі аман-сау өтті.

Мен, Бақытгүл әпке және Асхат аға үшеуміз апта бойы семинарға дайындығымыз сәтті де пайдалы болды деп ойлаймын.

Кездесуге асығып {болашақ блогшылар} жеткендер тілші Ұлбосын Омарова, шырайлы Шымкеттен келген Сантай әпкеміз, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің студенті Аймура, аудармашы Жанна Қаршығанова, “Ана тілінің” жас тілшісі Рауан Сәбитұлы және «Білім Орта Азия» Білім орталығының шетелде оқыту бөлімінің басқарушысы Айгул әпкеміз болды.

kezdesy3.jpg kezdesy1.jpg

Алдымен бір-бірімізді тек интернет арқылы, танитындықтан жүзбе-жүз танысып жаттық. Бірақ сәлде болса қойған уақытымыздан кеш бастадық. Симинардың өзекті сұрақтарына жауап берген Асхат Еркімбай өзінің “Блог туралы түсінік, қазақ блогтарына шолу (Blogspot, WordPress)” – атты баяндамасымен сөз бастады. Сол арада кездесуге Бақытнұр аға (www.massagan.com – админі) он-лайн түрде қосылды. Асхат аға бастаушы блогшыға маңызды нәрселердің бәрін көрсете түсіндіріп өтті. Тәжірибе барысында Ұлбосынға блог жасадық (өте қызықты болды).

Сәл кешігіп “Қазақ Интернет” ҚБ басшысы Серікқазы Кәкібаланов әрәптесімен келіп жетті.

Кейін сұрақ-жауаппен жалғасты.

Уақыт тығыз болғандықтан үзіліссіз мен өзімнің “Үнхабар (podcast) дегеніміз не? Оны қалай дайындайды” атты дайындығымды жалғастырып кеттім. Кей кездері маған жалпы қарапайым тілде түсіндіруде Бақытгүл әпке көмегін аямастан жасап отырды. Баяндау барсында көп тәжірибелік сынақтар өткіздік, сонда Ұлбосынның радиода істеген жеке қасеиті байқалып қалды. Асхат аға баяндамасына және менің презентацияма ой алмасу барысында, Кореядан онлайн қосылып отырған Бақытнұр аға өз үлесін бізге қосып отырды. Көпшілігі блог бастайтын болғандықтан менің үнхабарды келгендерге түсіндіру және дайындау қиын болды деймін-ау.

Сонымен соңында кездесу жайлы бір-екі ауыз сөздерін тыңдап өттік.

Өзімнің айтып-қосарым, сондай ыңғайлы – қолайлы офис және керек құралмен жабдықтап берген Бақытгүл әпкеге алғысымды айтамын.

Ал барша блог бастаймын деген қазақ жан ашырларын жинаған Асхат ағамызға жеке рахмет!

Келесі ҚАЗАҚ БЛОГШЫЛАРЫНЫҢ кездесуіде жүздескенше.

 

Advertisements

Filed under: Блог

9 Responses

  1. Askhat айтады:

    Сондай-ақ қазақ тілінде блог жүргізу, үнхабар т.с.с. хабарлармен толығып отыратын http://qazaqblogshilar.wordpress.com/ блогы іске қосылып, Бақытгүл оның таныстырылымын жасағанын қоса кетейін.
    Кездесу интернетте қазақ тілінде мәліметтер қорының молайып, қазақ жастарының ынтымақтаса түсуіне аз да болса үлесін қосса, мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз. Қазақ блогшыларының Алматыдағы екінші кездесуі атқарылар шаруа әлі де көп екенін көрсетті.

  2. Нұрғиса айтады:

    Бәрекелді. Подкаст туралы баяндамаңды жасадың ба, Қуаныш?

  3. huanysh айтады:

    Иә. Презентацияны жасадым. Көпшілігі блогты енді бастаушы болғандықтан оларға қиын болды.

  4. bakytnur айтады:

    Menin atymdy kate jazipsyn, jane bolashak degen sozde de kate bar. Asygys jazganyn bilinip tur

    Senderdi online tyngdap jaksy boldy!

    Jalpi ote jaksy, endi kezekte osydan da kop adamdar jinalip, kazak blogtardyn barysy jane keleshegi.. degen seminar otkizuge bolady eken.

    Osy joldi tek blog degen ne degen tusinik beretin kezdesu bolsa, endigi kezekte kazirgi blogger kauimimen tanysu, isteitin ister, jane isteletin isterdi aityp kezdesu uiymdastyrsa jaksy bolmak

  5. bakytnur айтады:

    Shashty nege kyrgyzyp salgasyn???? 🙂

  6. bakytnur айтады:

    Surettegi 2 jigit kim?

  7. huanysh айтады:

    Сабақ басталмай жатып демалсын бас дегенім, Орындықта отырған Рауан.

  8. baqytgul айтады:

    Суреттегі тағы бір жігіт Ербол. Кездесуге Сәнтайдың шақыруымен келді. Қателеспесем Алматыдағы бір газетте жұмыс істейді.

  9. […] Алматыдағы екінші кездесуі қалай өткенін Қуаныш өз блогында жазған […]

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Блогқа жазылу үшін және жаңа жазбаларды электронды почтаңызға келуі үшін, өзіңіздің электронды почтаңыздың мекен-жайын енгізіңіз.

Join 23 other followers

twitter

Суреттерім

Көп басылан сілтемелер

  • Жоқ
%d bloggers like this: