Қуаныштың блогы

Icon

IT жәнеде пайдасы бар мақалалар блогы

«Қазақ тілі»


Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының «Мемлекеттік тіл және ақпараттық технологиялар» атты дөңгелек үстелін ой-пікір алмасуына қатыстым!

Дөңгелек үстел өткізудің басты мақсаты қазақ тілін дамытуда ақпараттық технологияларды пайдалануға, Интернет кеңістікте қазақ тіліндегі ақпараттық ресурстарды көбейтуге, осы орайда туындайтын қиыншылықтар мен кедергілерге жұртшылық назарын аударту. Компьютерлік бағдарламалардың қазақша нұсқаларының мемлекеттік мекемелерде, білім мекемелерінде және жалпы халық арасында пайдаланылу мүмкіндіктеріне шолу жасау. Әсіресе, қазақ тіліндегі бағдарламалық қамтамасыз етулерді қолданудың қазақ тілін үйрену мен оның мемлекеттік мекемелерде пайдаланылу процесіне әсері қаншалықты болатындығына, ақпараттық технология саласы бойынша отандық және шетелдік тәжірибелерге айрықша назар аударылады.

Пікір алмасуға ұсынған мәселелер:

  • Қазіргі таңда қазақ тілінде қандай бағдарламалық өнімдер бар және олардың мүмкіндіктері қандай?

  • Осы өнімдердің мемлекеттік тілді үйрену процесіне және оны іс қағаздарын жүргізуге ендірудегі әсері?

  • Осы саладағы шетелдік тәжірибеде қандай оңды өзгерістер бар?

  • Қазақ тіліндегі компьютерлік бағдарламаларды ендіруде қандай қиыншылықтар ұшырасады, бұл қиындықтарға не жатады және оны шешудің жолдары. Бұл жайында ақпараттық технология мамандарының пікірі қандай?

  • Мемлекеттік мекемелерде қазақ тіліндегі компьютерлік бағдарламалардың қолданылу деңгейі қандай дәрежеде және олардың тиімділігі қаншалықты?

  • Интернет кеңістігіндегі қазақ тіліндегі ақпараттық ресурстардың үлес салмағы және олардың қазақ тілін дамытуға тигізер ықпалы?

  • Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Интернет-сайтының тұсаукесері.

  • «Электронды үкімет» бағдарламалары жобасы жөнінде

Кіріспе сөзді – Өмірзақ Айтбайұлы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик бастап берді. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Әлімхан Жүнісбек «Мемлекеттік тілді қашықтан оқыту туралы» баяндамасымен жалғастырды. Кейін ізді-ізнен «Интернет кеңістігіндегі қазақ тілі» тақырыбы бойынша С. Кәкібалановтың баяндамасын, «Ақпараттық технология нарығындағы мемлекеттік тіл» тақырыбы бойынша – Бекболатұлы Жетпісбайдың баяндамасын, «Электронды үкімет» бағдарламасы және мемлекеттік тіл» – Ә. Қуандықовтың баяндамасын тыңдап, ұсыныстарын ойға салы, пікір алмасу мен өтті. Және де «Глотур» компаниясының қызметкері, қазақ тіліндегі оқыту программаларының тіл маманы Дүйсебаев Совет аға болды.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Интернет-сайтының тұсаукесерін – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жауапты хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты Нұрлан Асқаров жасады.

Мен өзім сонда осы тақырып бойынша пікір алысу барысында ойымды, ұсыныстарымды айта отырдым. Үстел басында көптеген маңызды ойлар талқыға салынып, ұсыныстар жасалып, жиған тергенді пікірдің бәрін қорытындылап жиналысымыз аяқталды. Өте пайдалы болып өтті деген оймен үйге оралдым.

Advertisements

Filed under: Қызықты ...

4 Responses

  1. bakytnur айтады:

    Menen ol sait ashylmai-ak koidy.. Bilmedim nege ekenin…

  2. huanysh айтады:

    mumkin aldina www. koip koriniz achu kerek.
    jana ga tekserdim istep turgan sekildi.

  3. urimtal айтады:

    Келесі отырыс қашан болар екен?

  4. huanysh айтады:

    Болатын кезде хабарын айтармын!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Блогқа жазылу үшін және жаңа жазбаларды электронды почтаңызға келуі үшін, өзіңіздің электронды почтаңыздың мекен-жайын енгізіңіз.

Join 23 other followers

twitter

Суреттерім

Көп басылан сілтемелер

  • Жоқ
%d bloggers like this: