Huanysh’s blog

Icon

IT жәнеде пайдасы бар мақалалар блогы

Қастеев Әбілхан суреттерінен

Мектеп қабырғасында білім алып жүрген кезімізде алғаш Алматыда мұражайға барғаным есімде.

1998 жылы қазан айында тарих пәнінің мұғалімі Сәуле Қалжанова классымызды түгел ертіп алып барған.

Ол Қастеев есіміндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайы.

Қастеев, Әбілхан (1904-1973) – қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ ССР-ы халқының суретшісі.

Төменде Қастеев туындылары:

Filed under: Алматы , , , , , , , ,

Бүгін эфирде

“Хабар” телеарнасында “Мәссаған.сом” жайлы репортаж көрсетіледі, Алматы уақыты бойынша кешкі сағат 22-00 де “Эволюция Технологий” бағадарламасынан.
Сұхбат қазақ тілінде өткен, бағдарлама орыс тілінде.

Filed under: Алматы, Ақпарат, Интернет, Казакша блогтар, Казакша сайттар , , , , ,

Сұхбат

Filed under: Beijing, Алматы, Блог, Интернет ,

Романтика кеші

james-blunt-live-wall1

Республика сарайында болған James Blunt –тың концерті өте жақсы өтті.

Әндерінің бәрін фанерасыз орындап, залды толғандырып отырды.

Баршаға әйгілі еткен әні «You’re Beautiful», сонымен қоса өзім күткен әндерім

«1973» және «Goodbye My Lover» болатын.

Пианинода және гитарада керемет ойнайды.

Сүйікті әніңнің орындаушы аузынан тікелей есту,

сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес сезім.

8 Наурыз Халықаралық Әйелдер Күні Құттықтаймын !

және осы концерт менің сыйлығым болатын, сүйіктіме !

Filed under: Алматы, Ақпарат, Өнер , , , , ,

Алматы көшелерінен

Графитти өнерінің туындылары, кездейсоқ түсірген  суреттерім.

Қалтафонынан түсірілген.

Айманов – Мынбаев

Курмангазы ?  Абай ? Read the rest of this entry »

Filed under: Алматы, Қызықты ... , , , , , , ,

Мұстафа Шоқай

Alaw
Түскі асымды ішіп жұмысқа шығып бар жатырсам, бастығымыз бүгін жұмыс тоқтатамыз деп демалу керектігін айтты. «Доллар құны өсті, теңге құны кұлдырады. Сондықтан 1- күн товарды сатпай тоқтату керек, әйтпесе біз ертен ұтылып қаламыз » – деп себебін түсіндірді. Тірі жандар «Арзан» – ға және «Магнум» – ға жүгіріп, азық-түлік қымбаттамас бұрын толтырып алайық деген мақсатпен.
Шаруаларды бітіріп алған соң, апта басында «Мұстафа Шоқай» туралы алып қойған двд-диск есіме түсті. Доллардың жасанды көтерелуінің арқасында кино көруге уақыт табылды. Қазақ тіліндегі нұсқасында тамашаладым.
Азиядағы түркі халықтарын бір тудің астына біріктіруді армандаған Мұстафа Шоқайдың өмірі меен тағдыры туралы. Мұстафа Шоқайдың маршруты бойынша фильм өрбиді, Түркістан қаласы, Батумия(Кавказ), Стамбул, Франция елінде тоқталуымен аяқталады.
Толық көріп болған соң, «Список Шиндлера» – киносына ұқсаттым кейбір эпизодтарын. Сатыбалды Нарымбетовтың бұл туындысы Мұстафа Шоқай образын өте жақсы ашып берген. Басты рөлдерде Мұстафа – Азиз Бейшиналиев Мария (жары) – Карина Абдуллина.
Тарихи оқиға түсірілген осы фильм күткен ойымнан шықты.

-

Төменде Мұстафа Шоқай туралы мәссағаннан алынған ақпарат.
Шоқай Мұстафа – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, түрік халқының даңқты күрескері. Ол 1890 жылы Сырдария губерниясы Ақмешіт уезіне қарасты (қазір Шиелі ауданы) Наршоқы деген жерде туған. Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін 1902 жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. 1910 жылы Санкт-Петербор Императорлық университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Студенттік жылдары империя астанасындағы демократиялық қозғалыстарға қатысады. Ақпан төңкерісіне дейін Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханмен бірге Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. 1916 жылғы дүрбелең кезінде Түркістан және жалпы Қазақ жеріндегі бассыздықтарды әшкерелеп, Мемлекеттік Думаға арнайы құжатты мәліметтер ұсынады. Сөйтіп осыған байланысты комиссия құруға себепші болады. 1917 жылы төңкерістер тұсында мықты Түркістан мемлекетін құру идеясын ұстанады. Ташкентте «Бірлік туы» газетін ашады. Орынбордағы Алаш қайраткерлерімен тығыз байланыс ұстайды. Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Алғашқы съезде «Шораи ислам» жұмысына қатысатын 8 қазақ өкілінің бірі болып сайланады. Екінші съезде Алашорда үкіметі – Ұлт кеңесіне Сырдария атынан кіреді. 1917 жылы Жаңа Марғұланда өткен өлкелік мұсылмандар кеңесінде қайраткер Бүкілтүркістандық мұсылмандардың құрылтайын Қоқан қаласына шақыру туралы бастама көтереді. Қарашада Қоқанда Түркістан автономиясын жариялау шарасына бастан-аяқ қатысады. Осы жиында ол Түркістан автономиясы уақытша үкіметі сыртқы істер министрі болып тағайындалады. 1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбайұлы өз еркімен жұмыстан босағанда, ол осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты. 1918 жылы қыркүйекте қайраткер Самарада бас қосқан Ресейдің азаттық жолындағы күрескерлерінің Құрушы мәжілісіне (Комуч) қатысады. 1919 жылы ақпанда Түркістан мемлекеті идеясын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі ағылшын корпусы басшылығымен келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол жылы Баку мен Тифлисьте сәл аялдап, Стамбулға аттанады. Түркия арқылы алғаш Германияға, сонан соң Францияға барып орнығады. Эмиграцияда «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады. Қайраткер 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болады.

-

Filed under: Алматы, Ғибратлі, Қызықты ...

Қысқа да Нұсқа кинометраждар

Бейсенбі күні Жанерке, Сакен үшеуіміз осы жаңа аяғына тұрып жатқан кино фестивалына бардық.

Future Shorts – деп аталады.

Future Shorts: әлемдік деңгейдегі ұйым, соның арқасында көрермендер қысқа көлемді кинометраждардың дара туындыларымен және әзірше белгісіз режиссёрлердің ең үздік эксперименттерінмен таныстырады.

Алматы қаласында 3 -ші жолы өтуде, болған жері «Цезарь» кинотеатры.

Future Shorts: қаңтарлық программасында көрген 12 туындыларының ішінен қызықтыларын таңдап қойғандарым.

Maestro
Шынайы өмірден алған оқиға. Ондағы басты мақсаты дәл уақытында іске асыру.

The Bloody Olive
Махаббат, сатқындық, жауыздық – осының бәрі осы бір сюжетте. Бұларды жинаудың басқа бір мақсаты бар … қарап көріңіз өте қызық!

Untitled
Соғыс жайлы азиялықтардың терең ойлауын ашып көрсеткен, жапондық мысалы.”Аққала солдаттарына” белгілі бір мерзімде соғысуға болмайтын көрінеді, сондықтан олар Саппоро қаласында жаңа жауған қардан зәулім ғимараттар соғуға мәжбүр. Басты кейіпкерлері ұлттық мультфилмдерінің кейіпкерлері. Саппороның осы әдемілігін тамсануға әлемнің барлық жерінен келетін туристтер қала бюджетін толтырып отыраған.

The end of sentence
Британдық аға-інілердің арасындағы ішкі жандарының уайымдары туралы традикомедиялық қысқа кинометраж.

10 thousands pictures
Сара атты қыз туралы суреттелген-фильм, ол бұрыңғы жігітіне деген кегін суреті арқылы алады.

Filed under: blog, Алматы, Ақпарат

Ең соңғы пікірлер

Blog Stats

  • 21,317 hits
free counters

twitter

  • Туған Күндеріңмен құттықтаймын @mursya_ru, @adamkesher, @yermekkz 1 month ago
  • @ansar_kz 9 елдің басшылары Алматыға қонаққа келіпті 1 month ago
  • Астана-Алматы 10-шы поезді сағат 16-30-да келуі шарт еді!!! 6 САҒАТ күтіп 22-30-да ғана жетті, вокзал суық ((( 1 month ago
  • Беспредельный Қазақстан Темір Жолы!!! все поезда сегодня приехали с опозданием на 6 часов 1 month ago
  • ожидается большая тусовка в Бутаковке 1 month ago

AtoKazNic

Брусиловского-Райымбека

Курмангазы ?  Абая ?

в Алмате

More Photos