Huanysh’s blog

Icon

IT жәнеде пайдасы бар мақалалар блогы

Мейрам!

Міне нағыз мұсылман қауымының асыға жеткен мерекесіде келді. Таңертеннен бастап мал-базарға барар жолдардың барлық дейі кептеліс (пробка) болды. Яғни Айт намазынан кейін құрбандық шалуға деген халайықтың талпынысы бір жожышытты. Бүгін нәпіл құрбандықтар шалынса, кейін үәжіп құрбандық шалынады.
Тау бөктеріндегі «Алатау» ауылында айтқа жиналғанбыз, біраз жамағат болды. Үлкен дастарқан жайылып сол арада бір-бірімізбен танысып, ыңғайласқаннан кейін сұхбаттасып, әркім Құрбан Айт жайлы ой-пікірлерін ортаға салып отырды. Сол пікірлердің бірі: ”Біздің кішкене іні-қарындастарымыз (үлкендері де), жаңа жылды күн санап, сағат санап үлкен аялдаумен сол күнді тосумен болады. Олар бұл күні сыйлық аламыз деп { санасына уақытында өзіміз айтқан уәлерімізді } күтү аурудан әдетке айналып кеткен жәйті бар, неге біз сол жеткеншектерімізге әзірден бастап Құрбан Айт күні кішкене болсын сыйлық беріп бастамаймыз” деп ағамыз айтқан.
Кейін сол арада ас-жеп, шай-ішіп тұрғаннан соң кішкене сыйлықтар {мұсылман күнтізбесі, құттықтау қағазы,..} таратылып, кішкене кезден есте қалған жаңа жылды қарсы алған күнге қарағанда жақсы болған сияқты. Өте керемет сезімге баршасы іштей толып, рухани байлыққа тойған мейрам болып, қайттық.
Құрбан Айтыңыз Қабыл болсын!

Filed under: qazaq, мейрам , , ,

5 Responses

  1. urimtal says:

    Аллаһқа пенде сыйынсын,
    Сауаптар тау боп үйілсін!
    Аллаһтың сүйген құлы боп
    Жәннәттан орын бұйырсын!

    Айтың қабыл болсын, Қуаныш!

  2. huanysh says:

    Rahmet! Sizgede Alla Nuri jausin!

  3. Aikona says:

    Айт қабыл болсын!!!
    Шыныменде жаңа жылмен бірге келген соң да тәуелсіздікте, айттықта жастардың назарынан тыс қалып жатыр. Мүмкін уақыт өте келе өзгерер…

  4. huanysh says:

    Aikona – уақытты біз күтпеуге тырысу керек

  5. Мөлдір моншақ тағынған says:

    Ауылда “құрбан айтты” қайдам, “ораза айтты” жұрт болып күтуші едік, ол күні шешем маған әдемі сатып алған көйлегін кигізіп, өзі де үстіндегі қамыт-самыт* кимін тастап жарқыраушы еді. Кішкентайымнан шешемнің шаруа кимімен көргендіктен бе, әйтеуір әдемі киінетін шешемді сағынатынмын, шыны керек ораза айт мен үшін үлкен мереке еді, қазір білмеймін…
    таныс достарымды шақырып едім, үйге кіріп қайтыңдар деп, шаруасының барын айтты, мен үшін кісі келмеген құрбан айт тойы қызықсыз болды :( .

    Құрбан айтымыз құтты болсын!

Leave a Reply

free counters

twitter

  • Туған Күндеріңмен құттықтаймын @mursya_ru, @adamkesher, @yermekkz 4 weeks ago
  • @ansar_kz 9 елдің басшылары Алматыға қонаққа келіпті 4 weeks ago
  • Астана-Алматы 10-шы поезді сағат 16-30-да келуі шарт еді!!! 6 САҒАТ күтіп 22-30-да ғана жетті, вокзал суық ((( 4 weeks ago
  • Беспредельный Қазақстан Темір Жолы!!! все поезда сегодня приехали с опозданием на 6 часов 4 weeks ago
  • ожидается большая тусовка в Бутаковке 1 month ago

AtoKazNic

Брусиловского-Райымбека

Курмангазы ?  Абая ?

в Алмате

More Photos