5 жыл оқыған біліміңді бір сәтте айтып құтылып кету оңай емес екен!
Достар сонымен оқуымды бітірдім деп айтуға болмайды, өйткені ерінбеген адам үшін өмірдің бәрі оқумен өтетін секілді.
Дипломдық жұмысты өте жақсы деген бағаға қорғап шықтым. Тақырыбы “Интернетте ашық білім ортасын құру” болды. Диплом қорғау сағат 9-00 –да басталған болатын, ал Ғани екеуіміз дайындалып асыкпай 11 – ден өте бардық. Барсақ бәрі жылдам 15-20 минут ішінде қорғап шығып жатыр екен. Мұғалімдер мені көре салысымен тізімнен алдын мені кіргізіп қорғау жылдам жіберді. Неге өйткендерін өзім түсінбей қалдым. Қабылдаушы 6 кісі болып отырған ағай-апайлар отыр екен, арасында орыстар бар. Бастамай жатып орыс ағай жасаған диаграммаға тиісіп бір қырылысып алдық, алдын мен өз мұғаліммен кафедра меңгерушісінен сайт структурасының диаграммасы дұрыс жасалынған деген рұқсатын алған болатынбыз. Соның арасында 1 сағат өтіп кетіпті. Қорғап болған соң, иықтан бір ауыр жүк тусті.
Сәлден кейін сол күні қорғаған студенттердің (маман) бағасы айтылып, баршамыз жиналып ”Сәуле” кафесіне барып қорғағанымызды жуып алдық.
Сол күні тускен суреттер:
Filed under: Ақпарат, Ғибратлі , 5 жыл, диплом, ҚазҰТУ, қызыл




Khuttikhtaimin!!!
Duris aitasin: ерінбеген адам үшін өмірдің бәрі оқумен өтетін секілді. )
Khutti bolsin!
Пай, пай, пай!!! Дипломың игілігіңе жарасын!
Қиындықтың көкесі енді басталады. Адам болу маман болудан да қиын екенін білетін боласың… Аллаһ һайырлы жұмыс нәсіп етсін!
Rahmet!
Kuanysh, Dipliom igilinge jarsyn.
Ar karai jumysyngnan tabys tileimin.
Құтты болсын Қуаныш қуанышың, дипломың. мақтанатын-ақ жәйт.
саған және барлығымызға берекет әкелсін. ал енді аспирантура?
куттыктаймын. Мен де былтыр политехпен коштасып едім. Казір сагынып журмін.
Құттықтайымын
Диплом құтты болсын, Бауырым! Жемісін жеп, Игілігін көр!
Ех менін де 4 жылым сол бір Қаз ҰТУ да өтіп еді.