Huanysh’s blog

Icon

IT жәнеде пайдасы бар мақалалар блогы

Ораза

ramadanislam.jpg

Аузы берік адам ішіп-жеуін Мен үшін доғарды. Ораза – Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен ғана беремін. Аузы берік құлымның аштық пен сусындауынан шыққан ауыз исі Мен үшін миск әтірінен де тамаша

 

Қудси хадис

Ораза ғибадаты

Оразаның сөздік мағынасы – бір нәрседен алыстау. Шариғат терминінде ораза – ұстауға күші жеткен адамның ниет етіп, екінші шапақтан бастап, күн батқанға дейін оразаны бұзатын нәрселерден сақтануы. Ораза белгілі бір уақыт ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу. Мұның парызы – ішіп-жеу мен құмарлық сезімдерден сақтану.

Оразаның уақыты: Таңның атуынан күннің батуына дейінгі уақыт. Күн мен түн болмаған жерлерде сол аймаққа ең жақын жердегі күн мен түні бар аймақты негізге ала отырып, ораза ұстайды. Аллаһ Құранда былай дейді: “Таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) ажыратылғанға дейін ішіңдер, жеңдер, сосын оразаны кешке дейін ұстаңдар” {Бақара 2/187}. Мұнымен күн мен түннің арасындағы шекараны айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.у.) “Біләл түн уақытында азан оқиды, ибн Умми Мәктумның азанына дейін ішіп-жеңдер” {Бухари, Азан, 11}. Яғни, Біләл сәресі үшін, ибн Мәктум болса, таң намазы үшін азан оқитын.

П.ә.: Ислам Ғылымхалы

Filed under: Ғибратлі

2 Responses

  1. urimtal says:

    Оразаларыңыз қабыл болсын, бауырлар!

  2. [...] 4, 2008 · 2 Comments Бұл жазуға Қуаныштың блогынан оқыған мына мақала мұрындық [...]

Leave a Reply

free counters

twitter

  • Туған Күндеріңмен құттықтаймын @mursya_ru, @adamkesher, @yermekkz 4 weeks ago
  • @ansar_kz 9 елдің басшылары Алматыға қонаққа келіпті 4 weeks ago
  • Астана-Алматы 10-шы поезді сағат 16-30-да келуі шарт еді!!! 6 САҒАТ күтіп 22-30-да ғана жетті, вокзал суық ((( 4 weeks ago
  • Беспредельный Қазақстан Темір Жолы!!! все поезда сегодня приехали с опозданием на 6 часов 4 weeks ago
  • ожидается большая тусовка в Бутаковке 1 month ago

AtoKazNic

Брусиловского-Райымбека

Курмангазы ?  Абая ?

в Алмате

More Photos